Сәуле Досжан
47
детті түрде бару керек пе? Сен жас қыз емессің алдынан
өтіп, қалың беретін. Байдан шыққансың балаңмен. Өт кен де
кө кең ді ауыл аралап жүргенде көріп айтқанмын жағ дай ды, –
деді зілденіп. «Əкесі өлгенді де естіртеді ғой, айтайын» –
деп ойын жинап алды да, бұл да даусын қатайтып:
– Мен екіқабатпын, қайтеміз? – деді.
– О, не! – деп даусы жер жарардай болып, мұрты еді ре йіп,
жанына жетіп келді. Зəресі ұшқан өзі пəкене Хадиша жерге
кіріп кете сақтады, артына шегініп кетті.
– Менен бе, қанша ай болды! – деп қолынан ұстай алды
жұлқып.
– Иə, енді кімнен? Жаңадан жерік басталды, – деп қо лын
тартып алып төсегіне жата кетті. Екеуі екі жаққа қарап жата-
жата қалысты.
Төрегелдінің не ойлағынын Құдай біледі. Хадиша түні
бойы көз ілмеді. Байғұс Таупаны анау кешегі Нұрия жат қан
тө сек те, құлы болған Ерметтің баласына айналып. Ой, Алла-
ай, татар қатынға істегені алдына келді. Ол аздай ендігі бай-
дың түрі мынау. Қатыны «екіқабатпын десе, кімнен?» дей-
ді ғой, сұмырай қойнына келіп жатқалы бір қыс шық қа нын
білмей ме? Əкеме барам дегенін ұмытыпты, енді ке ліп «қыз
емессің, балаңмен байдан шықтың» дейді ғой. Өзі осы күн-
ге дейін жетісіп жүргендей, сорлы жалаң аяқ», деп ұйық тай
алмады.
Арсланның үйіне келгеннен, ол кеткенге дейінгі жеті
жылы жеті күндей болмапты.
Ертесі таңғы шəй үстінде күйеуі:
– Əй, Хадиша, сонда сен қай кезде туасың? – деді.
– Күзгі салым шығар, – деп күмілжіді əйел.
– Е, онда дұрыс, менікі екен, əйтпесе, жақында туғалы
отыр ған шығар десем, – деп ырқ-ырқ етіп күлген болды ар-
сыз күлкімен.
Осы тұрқында Төрегелді Хадишаның көзіне сондай
«арам, арсыз, қараниет» адам болып көрінді. Өткенде бір
|