Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет39/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
43
– Ұлың Ерметтікінде, түнде қойныңа алып жат дегем. Дү-
ниең ді сыртқа шығаруға асықпа, кел бері – деп дамбалшаң 
жанына жетіп келді ағараңдап. Құшақтай алды.
– Қойыңыз, ендігі артық болар, таң атты, – деген келін-
шекті  қайтадан  төсекке  сүйреді.  Бұрынғы  күйеуі  салт-дəс-
түр  мен  əдет-ғұрыпты  сақтай  отырып  ерлі-зайыптық  қа-
рым-қатынасқа үйреткен əйелге күн шыққанан соң еркекпен 
төсекке  жату  сұмдықтай  көрінді. «Е,  ойнас  дегендер  өс те-
ді екен ғой. Қайтейін, заман осылардікі» деп мəсісін қай та 
шеше  бастады.  Ұяттан  өртеніп  барады,  күллі  денесі  оттай 
жанды. Арсыз еркек оны өзінше қабылдап.
– Өзің жанып тұрсың ғой, менің қойныма жатқың келіп, – 
деп жұлмалай жөнелді.
Хадишаның үйіне «кəмəсия» тек келер жетіде келді. Тө ре-
гел ді өзі бастап жанында үш-төрт еркек белсенді бар алдын 
ала  сыртқа  шығарып  қойғандарды  тізімдеп  шықты.  Ермет 
пен  Шəлиғаның  күйеуі  «қожайындарының»  жиын-тер ге нін 
іш те рі күйе жүріп, ырдуан арбаға артты. Төрегелді жа нын да-
ғы лар ға жағдайды айтып қойған ба, ішке кіріп «не қал ды, не 
жоқ» – деп түгендемеді. Тек ересектеу бір белсенді шал үй дің 
ма ңа йын  шарлап,  жартылай  жер  астынан  са лын ған  бі рін ші 
қа бат та ғы үй мен отын жиған сарайларды кө ріп шық ты.
–  Ойпырмайдың  бəрін  ойластырғаны-ай,  мына  отын  он 
жыл ға жетеді ғой, – деп жағасын ұстап тамсанды. Шын ды-
ғын да арамен кесіп, бұтарлап жағуға ыңғайлы етіп тізіп тас-
та ған қарағай ағаштары екі бөлмеге толып сықырлап, жүк-
тей тізіліп тұр еді. Соның астында Акметовтың күллі бай лы-
ғы жатқанын ешкім білмейтін. Оны білетін жалғыз ұлы Ар-
слан елден безіп Қазанда жүр. «Ел тынышталған соң барып 
байлығымды алып, ерсе Хадишаны, ермесе жалғыз ұлым ды 
сатып алсам да, қолында өлсем де алып қайтам» деп алыста 
зарлап, ұйқысы он бөлінеді..
– Əй, Төке, үйіңнен бір шыныаяқ шəй бермей шы ға рып 
салғалы тұрмысың? – деп өзімен қатарлас біреуі əзіл де ген де 
Тө ре гел ді сасқалақтап.


44


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет