Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет47/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
51
келген,  алыс  болыстардан  арнайы  келген  қонақтардан  есі-
гі нің  алдындағы  кермесі  босамайтын  еді.  Соңғы  жылдары 
адам қарасы азайып, тіпті басында шырақшыдан басқа адам 
тү не мей тін болды. Төрегелді айтады:
– Қожа-молданың той-томалағы бітті. Ендігі кəмөнестер 
мол да ға,  шəриғатқа  қарсы  жер-жердегі  кейбір  мешіттердің 
қа быр ға сын бұзып, кірпішін «қызыл отау» салған үйге пай-
даланып жатыр, – дейді. Бұрынғыдай жиылып намазға жы-
ғы лып, имамға ұйымайды енді. Арабша оқуды да тоқтатады. 
Орыс  қарпімен  бастайды  жаңа  мектептерді, – деп  те  келді 
ние ті құрғыр.
Əйтеуір «заман біздікі, заман біздікі», – дейді де отыра-
ды.  Бір  сөзіне  қарсы  шықса  адыраңдап  кетеді  пəленің  ар-
қа сы қозғандай. Бір ауыз қарсы келгені үшін қыста бір рет 
сабап та алды. Содан бері қорқады. Шəлиғаның айт қан да ры 
шын сияқты. Адамды аяу, жағдайына қарау де ген ді ұқ пай-
ды,  жүрегі  тастай.  Егер  кəмөнес  болғандары  осындай  бол-
са, оларға дін неге керек, тас жүректерге. Дін – жаны жұм-
сақ, жүрегі нəзік Құдайдың жолында жүргендердің ісі. Осы 
нақұрысқа  қайдан  кездестім, – деп  уайымдап,  аяғы  те рең 
ойға ұласты. Баяғыда жол бойы ауылдар болушы еді, əр қай-
сы сы на тоқтап, амандасып, сусын ішіп ары қарай жүріп кеш 
бата  ел  іргесіне  жетуші  еді.  Бүгінде  бір  сұмдық,  əлі  жолда 
отыр ған бір үй көрмеді. Жайын Төрегелдіден сұрап еді:
– Жайылып кеткендерді, кəліктіпке жиған. Бəрі «колхоз» 
болып отыр. Баяғыдай өріс бермей таласатын бай-батшалар 
жоқ енді. Малын тартып ортаққа өткізген. Оны малшы деген 
бағады. Құлақтарды жер аударған. Бүгінгі тірлік – өкі мет ті-
кі. Өкімет – кедейдікі, – деп «жиналыс» өткізіп жіберді. 
Сонымен не керек елге келгенше тірі жан мен жүгірген 
жануар көрмей жетті-ау. Есік алдына пəуеске келіп тоқ та ған-
да үй ішіндегілер өре сыртқа шықты.
– Ой-бу, бойжеткендер ғой келген, – деп Қантай же ңе ше сі 
орамалын түзей жүгірді. 


52


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет