Үлкен үйдегі үрей Шə ли ға «Төрегелді қырдағылардың қанын ішеді екен. Ба-
рын тартып алып, бермей қарсыласқан еркектерді ауданға
жаяу айдатады екен», деп бірдеңе айтқан еді. Сонысы рас
бол ды ғой, қа ра ниет ті леу екен. Қайдан ғана тап болдым. Қыз
боп қыл ти ған да ғы тигенім Жирен шал. Оның байлығына
қы зық тым. Қа тын боп қарық болғандағы тигені мынау. Оған
бар бай лық тан айырылып қалам деп тидім. Сондағы отыры-
сым міне. Осы дүниеге от қойып жіберсем ба екен?» деп күні
бойы өзін-өзі жеумен болды.
Көктемнің бір жайдары күні Төрегелді де үйіне жайдар-
ланып келді. Əншейінде қабағы түксиіп, мұрты едірейіп, əр
сөзі оқпен атқандай болып жүретін байының бүгінгі мі не зі
Хадишаны таң қалдырды. «Ойбай деген мынаған қай дан күн
шықты», – деп ойлады ішінен.
– Хадиша, ертең ауылға əке-шешеңе барамыз. Баланы да
алып ал нағашыларына барып қайтсын, – деді. Өзі өмі рі Тау-
пан ның атын атамайды, атың өшкірдің. «Ана бала», «се нің
балаң», – деп отырады ылғи. «Əшейін ертең ба ра мы зың не,
дайындал, базарлық алмаймыз ба?» дегісі келді де Хадиша
батпады. Өзі дайын дүниеге келгенімен ісі жоқ, сондай са-
сық сараң. Байдың асын қызғанатын байғұс нағыз. Қыр дан
келгендерді үйге жолатпайды. Əр сойылған қой мен алын-
ған ұн қапшықтарын санап жүргені. Үйге бір табыс əке ле-
ген күні Ермет пен Шəлиғаның, үйіндегілердің жанын жеп
«ананы үнемде, мынаны үнемде, заман жаман», – деп зар-
лап бітеді. Таупанды болса да өзімен бірге дастарқан басына
отырғызбайды. Зəуде бір отырып қалғанда бала боп тəт ті ге,
бауырсаққа қол созса-ақ пəлеге қалғаны.
– Біздің бала кезімізде осындай қант деген пəле болмай-
тын, бауырсақты пісіріп жатпайтын. Шешеміздің қа зан жап-
па йын жеп-ақ өстік қой, – деп бастайтын алыстан орағытып.
Ішіп-жегенді есептеген сасық сараңға «Əке-шешеме ба зар-
лық апарам» деп өле алмай жүр ме Хадиша. Үндемеді. Тек
өзі нің Арсланнан қалған мата-сатасына қосып апасына, же-