Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет48/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
– О, құлыным, о ботам! – деп апасы келе жатыр етегіне 
оратылып. Мал қора жақтан əкесі де емпеңдеп келеді.
–  Мына  жиен  жігіт  бопты  ғой, – деп  Жақып  көкесі  Та-
упанды  Хадишаның  алдынан  көтеріп  алды.  Жақып  кө ке сі-
нің  ұлдары  мен  қыздары  шұрқырап  келіп  апатайларын  бас 
салды. Хадиша «екінші байға айтпай тиді» деп төр кін де рін 
өк пе леп  жүр  ме  деп  іштей  толқып  келе  жатыр  еді.  Бə рі нің 
шұр қы рай табысқанына сұмдық қуанды.
Хадишаның төркіндегі қуанышы ұзақ болмады. Екі қон-
ған соң-ақ Төрегелді оңаша шақырып алып:
– Біз ертең қайтамыз, – деді. «Неге тез?» – демеді əйел.
– Сен ана баланы осында қалдыр нағашыларына. Жа қаң-
ның балаларымен өссін, – дегенде барып:
– Неге? – деп баж ете түсті.
– Сол. Өзің туайын деп отырсың. Сол саған бала болады. 
«Қасқырды  қанша  бақсаң  да  орманға  қарап  ұлитынын»  бі-
ле сің  бе?  Қалалы  жерде  татардың  баласы  бұзық  боп  өсе ді 
қанына тартып, – деп түсін суытты. Сорлы Хадиша «өкі мет-
тің əпербақанына» не деп қарсылық білдірсін. Тек же ңе ше сі 
мен апасына айтып əбден жылады. Зерліқан бəй бі ше көп ті 
көргендігіне салып: 
–  Қой,  енді.  Тастасаң  тастап  кет,  өсер  де  ана  Ау ған бай-
мен тайталасып жүріп. Заман болса мынау, шынында қа ла-
да бұзылып кетер. Бірақ татар болса да тегі жақсы. Осында 
сəбеттің мектебін ашқалы жатыр. Соған берем. Уайымдамай 
аяқ-қолыңды бауырыңа ал, – деп жұбатты.
– Ойпырмай, əкесінен қалған иен дала үйге біттей баланы 
сыйғызбағаны несі, қанішер, – деп қалды аузы жылдам бі рақ 
ақ жүректі жеңгесі.
Таупанын  оңашалап  алып  сөйлесті  Хадиша.  Ана сы ның 
əр бір  сөзін  зердесіне  тоқып  алайын, – дегендей  үн де мей 
тың да ған құттай ұл.
– Əни, мен Ауғанбаймен бірге мектепке барам. Бұл жер-
де Ермет көкенің үйінен жақсы ғой, – деді томпайып. Оның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет