Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет51/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
– Сіздің Қазаннан келгендігіңізді білеміз. Келе сала «бала, 
бала» демей жөн сөз айтпайсыз ба? Балаңызды береміз, тек 
ойласайық, – деп ыңғайына жығылды. Ішінен «сенің бөл ті-
рі гің нен қалай құтылуды өзім де ойлап жүргенде, қайта жақ-
сы болды. Əкетсін» деп қойды. «Балаңды береміз» дегені кө-
ңі лі нен шығып Арсланның екпіні сəл басылды.
– Ойлассақ, ойласайық, – деп орнына қайта отырды.
– Шəй ішіңіздер, – деп бөлмеге Хадиша кірді.
Арслан орнынан тұрып қонақ бөлмеге өтті. Төрегелді аса 
сақтықпен қаруын қойнына тығып алып барып дас тар қан ға 
келді. Екі күйеуінің шекісіп қалғанынан хабарсыз əйел қор-
қы ныш пен күдік аралас ойлармен шəй құйып отырды.
Жүрек жалғап алған соң Арслан Хадишаның оңаша қал-
ға нын  аңдыды.  Төрегелді  сыртқа  шыға  бере  ыдыс-аяғын 
жиыс ты рып жүрген баяғы тоқалына жақындап:
– Хадиша менің түннен қалмай жүруім керек, сенімен əң-
гі ме  бар, – деді.  Төрегелдіден  өлердей  қорқатын  келіншек 
артына жалтақтай:
– Жарайды, мен Төреге айтайын, – деп сыртқа беттеді.
Баяғы  ерлі-зайыптының  əңгімесінің  бас-аяғы  Тау фиық-
ты  алдырту  тездетіп,  содан  əкесінен  қалған  алтын-күмісті 
қа зып алып, ерсе Хадишаны баласымен алып, ермесе ұлын 
сұ рап алып қайту. Ұлын жанына қосса, осы үйді басыбайлы 
бе ре ді. Қазынаны қазса одан да қалдырады. Тек ешкімге жақ 
ашпай қазынаны қазысып, баласын елден алдыртып берсе, 
ер тең  түнделетіп  жолға  шығатын  болады.  Естігенін,  бəрін 
Тө ре гел ді ге жеткізген Хадишаға күйеуі:
– Не десе де келісе бер. Ертең Ерметті таң ата қырға жі бе-
рем де. Өзі үйден шықпасын аттап. Балаң келгенше күт, кеш 
бата Ермет қайта оралады. Менің мына байдан да балам бар 
де, ере алмаймын де. Қазынасы мен баласын алып түн де ле-
тіп жолға шықсын де, – деп үйретті. 
Хадиша  естігенінің  бəрін  жіпке  тізгендей  етіп  жеткізді. 
Оның  ұсынысы  Арсланның  көңіліне  қонып,  баласын  алып 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет