Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет53/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
ті. Одан басқа мұнда адам баспайды. Ол сонау үлкен Акме-
товтен қалған тəртіп. Оның сырын тек Арслан білетін. Ал, 
тоқал «отын қораға» кіріп те көрген емес. Ол «отын қора» 
жəй «отын қора» емес еді. Оның түпкірі жағындағы отын-
ның төрт қатарын алғанда астынан көмбе шығатынын еш кім 
біл мей тін. Арслан «кəмпеске» дегенді естігеннен шо шы ған. 
Үйі «кəмпескемен» өкіметке өтіп кетсе, мұны өлсе кіргізбей-
тін  еді  ғой.  Мейлі  байға  тисе  де,  əйтеуір  осы  үйді  сақтап 
қал ға ны үшін тоқалына іштей риза еді. «Қайтеді, байы жоқ 
қа тын ды  кім  көрінген  басынады  да.  Мілисаға  тигені  жөн 
бол ған, əйтпесе екеуіне де бұл үй жоқ еді» деп ойлап қалды. 
«Ермесе,  ермесін  енді  тек  мынаны  атыма  артып,  ұлымды 
алдыма отырғызып жіберсе болды. Өмірі разымын. Уақыты 
келгенде ұлым шешесін іздеп келгенде осы үйге ие болар» 
деп те ойлап қояды. Татар еркек əкесінен көрген əдіспен ық-
тият тап  төрт  қатар  отынды  алды  да  «Я,  біссіміллə» – деп 
жерге  тізерлей  отырып  тырмамен  қақпақты  іздеді.  Қолына 
іл ге гі ілінгенде жоғары тартып қалды. Біраз жылдан бері қол 
тимегенге ме жерге қатып қалыпты. Аяғымен жер тіреп жа-
тып əрең ашты. Соның бəріне қарап тұрған Хадиша қайран 
болды.  Осы  үйде  оншақты  жыл  болды,  күнде  жүр.  Ермет 
күн де  «отын  қораға»  шаруамен  кіріп-шығады.  Ешқайсысы 
да мұнда Жирен шалдың тыққаны барын білмеген ғой. Тіп-
ті  ойламаған  да.  Арслан  жүн  толтырған  қапшықтарды  екі 
жағына лақтырып-лақтырып жіберді де еңкейіп, салдырла-
тып  тағы  бірнəрсені  ашты  да  лып  етіп  төмен  секіріп  түс-
ті.  Аяғы  жерге  тіреліп,  басы  ғана  көрініп  тұрды.  Хадиша 
қызықтап жақындау келіп қарады. Екеуінде де үн жоқ. Жи-
рен шал темір əбдіренің қақпағын ашыпты. Ішінде бірнеше 
темір құмыралар мен өрнекті ағаш сандықшалар тізіліп тұр. 
Олар дың ішінде не барын сұрамады. Сұраса, құпиясын бі ліп 
қойғаны үшін өлтіріп кетер деп қорықты. Жирен шал олар-
ды  алып  қапшыққа  жүнге  орап  салып  жатты.  Хадиша  еш-
те ңе  көрмегендей,  сыртқы  есікті  бақылап  тұрды.  Бір  кезде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет