Үлкен үйдегі үрей кəрі татардың тұқымы құрығанда жалғастырып. Енді оны
тартып əкетеді, бар тыққанын өкімет түгіл саған да татыр-
май арқалап кете бармақ па бай-манап, құлақ, – деп қалш-
қалш еткенде. Оның сөзі көңіліне қонған əйел..
– Төрем, өзің біл. Мен араласпаймын. Мен тағы екі қа бат-
пын. Қорқам, – деп келісім бергендей болды. Əйелдің «екі-
қа бат пын» дегенінен есін жиған еркек:
– Əй, сен шынымен бе? – деп жанына жақындап қайта
сұрады.
– Иə, енді-енді айтам ғой деп жүр ем. Сіз ұрса ма, деп… –
деп күмілжіді.
– Неге ұрсам. Мен бəрін тастап, баладан қашатын татар
шал емеспін. Сен менің ұрпағымды туасың. Мен сені аялай-
мын, – деп ойда-жоқта «қамқор» əке, «асыл жар» бола кетті.
Оның мына сөзіне сеніп қалған əйелі:
– Мейлің.. мейлің… – дей берді келіскендей.
– Мейлі болса – мейлі. Сен балаларға бар. Мен өзім жай-
ғас ты ра мын. Ал, Ермет келмейді, мына шалдың атын кеше
со ған жетектетіп жібергем. «Кең далаға» көкеме, – деді де
сыртқа беттеді. Бір сұмдықтың боларын ойлап Хадиша «кө-
зім көрмесін, балалар білмесін» деді де Заманбек пен Жана-
тай жатқан бөлмеге бет алды. Ойы бұзылған «ау дан дық мі-
ли са» қонақ бөлмеде байлығын қапшыққа тығып, ба ласын
кү тіп жатқан Арсланға бет алды.
Қолында баяғыда Арсланның əкесінің кі тап ха на сын да ғы
қару-жарақ ілген тақтасында тұратын айбалта. Үлкен Акме-
тов аңқұмар еді. Содан ба қарудың неше атасын жиып, сөре
жасатып, тізіп қойған. Заманында үйге келгендер қы зы ғып
қарап, ұстап көріп тамашалайтын. Оның біразын Тө ре гел-
ді «кəмпескеге» тізімдетіп беріп жіберген. Осы бір айбалта-
ны не оймен алып қалғанын өзі де білмейді, əйтеуір ты ғып
ұстап қалған еді. Міне қанішердің қолына бүгін қару болып,
əкесінен қалған айбалта баласына сілтенді. Арслан баласын
күтіп жатып «Ермет кешікті ғой?» – деумен көзі ілініп ке тіп