Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет59/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
бас қа  дастарқанда  бөтен  адам  болмады.  Ақберен  ақ са қал 
ұзақ  оқылатын  бір  сүрені  құйқаны  шымырлатар  мақаммен 
оқып болып, арғы-бергіні түгендеп бағыштап, аяғында бата-
сын берді. Ермет Хадишаны таңжарықта ешкімге көр сет пей 
Ақ  бе  рен  қарияның  үйіне  алып  барып  бір  жеті  оқы тып-ем-
дет ті. Жазға салым Хадиша аман-есен тағы бір ұл тапты. Есі 
шы ғып қуанған Төрегелді ұлының атын – Ергенбек қой ды.
–  Өзім  жалғыз  едім,  Заманбегіме  еріп  жүрсін, – деп 
ырымдады.
Босанғаннан кейін Хадишаның елірме ауруы тағы шық-
ты. Нəрестеге Шəлиға ие болып, тек емізуге анасының бауы-
рына салады, əйтпесе Хадишада бала түгілі өзіне ие бо лу ға 
шамасы жоқ. Кеудесінің сүті аяғына төгіліп жатса да соны 
иге ріп сəбиін бауырына салуға кейде ақылы жетпей қа ла ды.
Төрегелдінің жұмысы болса да ауырлап кеткен. Елде Го-
ло ще кин нің  «аша  тұяқ  қалмасын,  асыра  сілтеу  болмасын» 
деген кері де теріс тірлігімен малмен ғана күн көріп отыр-
ған  қазақ  елінің  қолында  құрық  пен  жүген  қалды.  Ірі  қара 
малды  түгел  өкімет  сыпырып,  қой-ешкіні  қырып  салды. 
Ха лық қолындағы азғантай ұсағына ауыз сала бастаған соң 
босып  кетті.  Баяғы  бай-манаптың  «кəмпескесіндей»  көрші 
елдерге қашпаса да, қалаға қарай ағылды қырдағы жұрт, қа-
ла ны тіршілік көзі деп таныды. Халық көсемі Сталиннің ел 
ішініне «халық жауын» іздеген науқаны басталды. «Халық 
жауын тап!» – дейді Төрегелді бастаған топ табады. Бір Құ-
дай біледі, олардың қайсысы – дос, қайсысы – жау. Ар жа-
ғын ақтарып, анық-қанығына жетіп жатуға уақыт жоқ. Қыр-
да ғы  халықтың  сəл  бас  көтерерін  аудандық  «ме лі с а хан  ға» 
тоғытып болды. Оларды түнімен ұйықтатпай сұраққа алады, 
өлердей қинайды, ұрып-соғады.
Төрегелдінің белдігінде наган, қолында кісен аттан түс-
пей ді. Жанында шаш ал десе – бас алатын екі жандайшабы. 
Күні-түні ауыл-ауылды аралап, ауылдық кеңес аға ла ры ның 
жа ға сы нан  алып  «халық  жауын»  таптырттады.  Жү ре гі  ат 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет