Сәуле Досжан 67
ша ның алғашқы ойы. Екі еркек зембілді көтерген күйі үйге
кі ріп кетті. Хадиша үрпиіп тұрған ұлдарына:
– Сендер əзірге үйге кірмей тұрыңдар. Көкелерің аттан
құ лап, ауырып қалыпты, – дей салды да өзі ілбіп үйге бет-
теді.
Қонақ бөлмедегі болыскей керуеттің көрпелерін тү сі ріп,
Төрегелдіні жатқызып жатыр екен. Жанына барды. Шашы
қанмен ұйысып, өңі қап-қара болып, жүзі əлемтапырақ, көзі
жұмулы. Қор-қор етеді. Еңкейіп денесін көрпемен қым та-
ды. Сүтпісірім уақытта сынықшы Домбай қария келді. Ұзақ
қарап көрді де:
– Жұлынына зақым келген. Ертеңге шыдамас, – деп ке сіп
айтты.
Өзі қалтаңдап жүрген əйелге бұл оңай соққы болмады,
талып түсті.
Төрегелді сол қорылдаған қалпымен таңға дейін жатып,
Шолпан туа мəңгілікке аттанды...
Хадиша есінен қайта-қайта танып күйеуінің мəйітін үй-
ден қалай шығарды, қай тұсқа жерледі хабарсыз қалды. Өлік
жөнелтудің барлық жөнін Жақып көкесі мен ержетіп қал ған
Тауфиығы жайғастырды. Төрегелдіден туған екі ұл əлі жас.
Үлкені – Заманбек көкесінің аттан құлап өлгеннін бі ле ді.
Кішісі – Ергенбектің тілі енді шығып келеді. Апасының ау-
руы жандарына барып жүргенде көкесінің өлгені За ман бек ті
жасытып кетті.
Төрегелдінің қырқын өткізген соң анасы Зарлықан елге
қайтты. Күнде ауру қызының жанында, екі ұлға бас-көз бо-
лып отыратын еді.
– Ой, соры арылмаған балам-ай, – дей береді Хадишаға
қараған сайын, күбірлеп.
Шешесі кеткен соң-ақ жатын бөлмесінде оңаша ұйық та са
Хадиша шошып, таңға көз ілмейтінді шығарды. Жанына үш
ұлын бірге алып жатады. Таупаны он алтыға қарап, жігіт бо-
лып қалды. Күні бойы ауланың тірлігінен босамайды. Бая ғы