Сәуле Досжан 69
отын таусылмай-ақ жаз бойы үстіне қор жасай бер», – деп
ақыл айтқан болды. Ондағысы, отын таусылып қалса жирен
шалдың сандығының қақпағы көздеріне түсіп қала ма деген
сиқы...
Күзге салым əйелдің елес көруі, ұйықтамай шығуы жиі ле-
ді. Терезе алдындағы жалғыз қайыңның жүздеген жа пы ра ғы
«Арслан... Хадиша... Төрегелді..», – деп сыбдырлап, əң гі ме
айтып тұратындай. Жирен шалы таңға жуық төсегінің жа-
нына келіп отырып баяғыдай шашынан, балтырынан сипап
оятатындай. Сол бір дəулетті де, сəулетті, бейғам күн де рі не
деген сағынышпен жылап оянатын түндері жиіледі.
Төсектен бейсенбі күндері Шəлиғадан бұрын тұрып жеті
нан салғыш болып алды. Екі жесір əйел мұңданып отырып
күйеулеріне құран бағыштайды. Соңғы кездері Тө ре гел ді ден
бұрын Арсланды ойлайды, соның алдындағы еш қа шан еш-
нəр се мен жуылмас күнəсінің ақыры неге соғар екен деп ой-
ла ған да жанын қоярға жер таппайтын болды...
– Апа, нағашыларыма барып күземге көмектесіп, сізге де
анау-мынауға керек жүн-жұрқа əкеліп берейінші. Он шақты
күн ге қырға жіберіңізші, – деп ержетіп қалған Таупаны қой-
ма ды.
– Жіберсеңші, ханым, жаныңызда мен бармын ғой. Қай-
та Таупанжан айттыратын қыз қарай келер, – деп Шəлиға да
қосылды.
– Қыз айттыратындай бізде қайбір жай бар дейсің, – деген
қалай аузынан шығып кеткенін де байқамай қал ды. Түн де
қорқатынын айтуға намыстанып қанша қиналса да Тау фиық-
ты қырға Жақып көкесіне қолғанат болуға жіберді. Екі түн
жақсы ұйықтады да үшінші түні түнгі елес тағы басталды.
…Таңғы сəулемен ол бөлмеге кірді.Үстіне баяғыдай ақ
көй лек-дамбал киген Арслан терезенің алдынан Хадиша
екеуі жататын, бүгінде екі ұлын бауырына басып жат қан
əйел дің төсегіне жайлап келді. Қатты ұйықтап жатқан əйел-
дің балтырынан жоғарылай сипап кеудеге келіп тоқ та ды.