Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет60/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
65
аяғының  дүрсілімен  бірге  соғып  əбден  қалжырады. «Кə м-
өнес» деген атына кір келтірмеу үшін бір сəт бел жазбады, 
ауру  əйеліне  де  қарамады.  Тақымдағы  шалбардың  құй рық 
тұсы ақ жем болды. Самайының ағы көбейіп, мұрты бұ рын-
ғы дан  да  едірейіп,  тіпті  оған  да  ақ  түсті.  Талайды  тепкіле-
ген хром етік аяғын қажады. Жұртқа зəбірлене-зəбірлене өңі 
суып, түсі жалпақ қара тастай қатып кетті. «Социализм жау-
ларына» деген аяушылығы жоқ жанның тақымына да ат шақ 
келмеді. Тұлпар берсе де екі-үш айда ит сілікпесін шығарып 
жі бе ре ді. Не аяғы сынады, не белі үзіледі. Жануарды қайдан 
аясын, адамды аямайтын қаныпезер. Маңайдағы ауылда бар 
деген не бір жорға, не бір жүйріктерді жер жастандырды. Ау-
дан дық мілисаның атқорасындағылар да: 
– Төрегелдіге ат керек, – дегеннен-ақ зəрелері кетеді.
–  Байғұс  жануарларға  да  қырғидай  тиеді,  өзі  үстінде 
қа лай  аман  қалып  жүр,  бірге  мойыны  үзіліп  кетпей, – деп 
Бектемір  деген  баяғыдан  келе  жатқан  атбегі  іштей  боқтап 
отыратын. Ондайды сыртқа шығаруға болмайды. «Кə мөнес-
ті»  боқтасаң  ұсталасың  да  жазаланасың,  ал  олардың  кө се-
мі – Сталинге тіл тигізсең – атыласың. Сталиннің суреті бар 
қазитті жыртқаны үшін бір бажасын қаматып тастағанын ес-
тіген ақсақал «аттың жауын» сыртынан сыбайтын.
Сөйтіп «халық жауларын» іздеп халыққа қырғидай тиіп, 
қарғыс жиып, байғұс жануарлардың обалын арқалап жүр ген 
бір күні қырдан келе жатып аттан ұшып мерт болды Тө ре-
гел ді.
Хадиша  есік  алдында  күншуақта  Ергенбектің  қы лы ғын 
қы зық тап  отырған  болатын.  Шəлиға  жаңа  сойған  ісек тің 
ішек-қарнын жуып болып, енді басын жуып жатқан.
– Ерметке қой сойғызуға болмайды. Сойған малының жа-
ғын ажырата алмайсың, – деп күңкілдеп басты ары-бері жұл-
қы лап жатты.
– Тістеніп жүріп соятын шығар, – деп Хадиша күлді.


66


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет