Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет68/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
–  Бізге  есікке  жақын  мына  екі-үш  бөлме  де  жетеді  ғой, 
дə лі зі жақсы екен, Қайратжан жүгіріп ойнағанға, – деп қоя-
ды Өсер. 
– Шүкір.., шүкір... – дей береді анасы Əсиқа.
–  Мына  төсек  қандай  биік  əрі  əдемі, – дейді  келіншегі 
Рау шан.
Сол жылы алтын күрек ерте соқты...
Аштықтан да, ақтаңдақты жылдардан да сүйретіліп шық-
қан қазақ даласындағы қалың қар ерте ери бастады. Са ры-
ар қа ның даласы тез арада қара тақырға айналып, сол та қыр-
лар ға қылтиып көк шыға бастады. Дауыл алдындағы теңіздің 
тыншулы күйіндей алапат соғыс алдындағы бір мамыражай 
көк тем басталды...
Осындай  жайлы  көктем  қырдағы  елдің  еңсесін  көтеріп, 
жаңа туылған қозы-лақтарын ертіп қырға қой жайыла бас та-
ды. Өрістен сиыр емшегі сыздап қайтып, құлын-тайлар те-
біс ті. Күнара аспан асты шатұр-шұтыр найзағай ойнап, көк-
тен нұр жауатын.
–  Биыл  астық  мол  болып,  жан-жануар  тоқ  болатын 
бол ды, – деп кемпір-шалдар болжам жасады.
– Қолқоздың қамбасы астыққа, өрісі малға толатын бол-
ды, – деп халық риза.
Осындай жақсы жаңалықты қырдағы ауылға же ті жыл дық 
мектеп  ашқалы  барып  келген  Өсер  анасына  майын  тамыза 
əңгімелеп отырды.
– Е, Құдайға шүкір, лайым жақсылығы мол болсын, – деп 
қояды кейуана.
– Апа, мен «Жұлдыздыға» барып мұғалімдік етсем қай те-
ді? – дейді келіні.
–  Ойбай,  күйеуің – мында,  өзің – онда  не  болғаның.  О 
несі-ай, үйде отырсаң біреу қуа ма? – деп енесі жақтырмай 
қал ды.
–  Мындағы  мектептердің  бəрі  орысша  ашылып  жатыр, 
мен тіл білмеймін ғой. «Жұлдыздыда» көкемдердікінде бол-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет