Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет76/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
осылай  туады.  Жұрттың  бəрінің  еркек  балалары  май дан ға 
аттанып жатқанда, менің жаным солардан артық па? Раушан 
бар жаныңызда, Қайрат деген батыр міне өсіп келе жат қан. 
Тағы немере күтіп отырсыз. Сабырға келіңіз, ақылыңыз көп 
еді ғой, – деп аяғында балаша алдады.
Шілденің ыстығында Қарқаралының военкоматының ал-
дын да ғы құжынаған халықтың ортасында Раушан мен ене сі 
жүрді  кішкентай  Қайратты  қолынан  қысып  жетектеп.  Рау-
шан ның жылағаннан бота көздері қызарып, беті дом бы ғып 
ісіп кеткен. Əсиқа шешей тіпті əбіржулі, қолынан жетекте-
ген немересінен айырылып қалмайын деп тас қып қысып ал-
ған, екі көзі алақтап əр есікке қарайды. Түске жа қын да ған да 
Өсер бір есіктен шыға келді де:
– Апа, Раушан! – деді алыстан байқап. Екі əйел балала-
рын сүйрей жүгіре басып ұмтылды арысына.
–  Қазір  біздерді  полуторкеге  салып  алып  кетеді.  Содан 
Қа ра ған ды дан  батысқа  қарай  пойызға  отырғызады  екен, – 
деді де келіншегі мен анасын қосарлай құшақтап, бауырына 
басып кезек-кезек маңдайларынан сүйді. 
Раушан күйеуі майданға кетем дегелі сөзі таусылып қал-
ған дай, аузына сөз түспейді, тек жылай береді. Анасы болса 
да қанша күннен бері жалғызын арғы-бергідегі əруақтар мен 
əулиелерге тапсырып зарлай жылап келе жатқан. Бүгін ке лі-
ні не көрсеткен сабыры ма – тас-түйін болып алған.
Өсер  екеуінің  көңілін  одан  əрі  босатпайын  деп  тым  қи-
мас тық сөздер айтпады. Тек Қайратты көтеріп тұрып:
– Апа, немістер қашанғы соғысар дейсің сонау жер тү бі-
нен келіп, ертең-ақ қарыны ашып, шаршап жерімізді тас тай 
қашады. Біз бəріміз жұмылып көптігімізді көрсетсек қор қа-
ды. Сендер мында бір-біріңе ес болыңдар. Қайратты өсі ріп, 
мен оралғанда оның інісімен көбейіп алдымнан шы ғың дар, – 
деп бірін-біріне аманаттап жатты. 
Аулаға қара темірден құрсауланған полуторка деген мə-
ши не келіп тоқтады да одан бір əскери түсіп:


Сәуле Досжан
85
– Əскерге алынатын азаматтар сапқа тұрыңдар! – деп да-
уыстады.
Ортаға оншақты жігіт шығып, сапқа тұрды. Одан соң бас-
тық та ры ның тағы бір жарлығымен мəшинеге секіріп-се кі ріп 
мінді. Шығарып салушы жұрт шу-шу етеді. Əйелдер жағы 
дауыс салып жылап та жіберді.
– Ал, жақсы!
– Жеңіспен жүздесейік!
– Хат жаз!
– Күт! – деген сияқты қысқа-қысқа қоштасу сөздері айты-
луда. Бірін-біріне аманаттайды, қолдарын бұлғайды. Қоз ғал-
ған көліктің соңынан жұрт бірге қозғалып барады... 
Өсер де күнқағарын бұлғап ортада кете барды...
* * *
Екі бүктелген ене мен екіқабат келіншек орталарына жас 
өскіндерін алып Қарқаралының тас көшесімен келе жатты.
Үшеуінің жүрегі үш түрлі өртеніп келеді... 
Үшеуінде де үн жоқ. 
Үшеуінің де көздерінде біреуіне – перзент, біреуіне – жар, 
біреуіне – əке Өсердің күнқағарын бұлғап тұрған бейнесі. 
Үшеуінің де көңілінде – ұлы қимастық...
Осындай күйде кетіп бара жатқан осы үшеуі ғана ма еді. 
Кө ше нің  арғы  бетінде,  арғы  көшелерде,  Қарқаралыдан  да 
бас қа  ауылдар  мен  қалалардың  көшелерінде  баласын,  жа-
рын, əкесін қимай да қимай шығарып, қиналып бара жат қан-
дар дың санында шек жоқ еді. Жақындары қанша қимаса да 
сол арыстар сол сапарға баруға міндетті еді. 
Өйткені Батыста соғыс жүріп жатты...
Өйткені олар ел қорғайтын еркектер еді...
Сол жылы астық бітік болды. Ел ішіндегі шал-кемпір, қыз-
қырғын, бала-шаға бірі қалмай егіс басында. Бірі – орақ орып, 
екіншісі – бастырып, үшіншісі – қырманға тасып жатыр. Енді 


86


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет