Сәуле Досжан
87
те ріп қиқулап жүретін балақан шығаберістің та бал ды ры ғы-
нан аспай ойнап отыратын халге түсті. Аналар улап-шулап
ойнайды, Қайратты қоспайды. Өзімен өзі ойнап шар ша ған-
да əжесінің таусылмайтын ертегісін тыңдап ұйқыға ке те ді.
Күні бойы хат тасушыны аңдиды, əкесінен хат келе ма деп.
Одан қалса, елден келетіндерді күтеді, шешесінен хабар бо-
лама деп. Сөйтіп жүргенде Раушанды «Жұлдыздыдан» би-
дай таситындар арбамен үйге əкелді. Келінінің қан-сөл сіз,
имиіп арбадан əрең түскенін көріп енесі шошып кетті де бас
салып жылап жіберді дауыс салып:
– Құлыным-ау, не болды, сүйегің қалыпты ғой сүй ре ті-
ліп, – деген даусы жүйкені шымырлатты. Батима мен келіні
жет ті етектеріне шалынып.
– Апа, үйге кірейікші, – деуге шамасы əрең жеткен Рау-
шан арбадан түсті. Арба айдап келген Күлжамал деген ат-
жалмандай əйел еді, Раушанды көтеріп алып үйге тартты.
– Ойбай, өзі жүре алмай ма, немене? – деп арғы-бер гі
ата-бабасының əруақтарынан демей гөр, жебей гөр деп жал-
ба рын ған Əсиқа артынан зарлап еріп келеді. Күл жа мал дың
алдына түсе сала есікті ашып, төрге көрпе-жастық тастады.
Ағыл-тегіл жылап жүр.
– Қойыңызшы, жеңеше, жамандық шақырмай. Келінің
аман-есен, тек кеше бойындағысын тастап қойды. Соны өзі-
ңіз ге алып келдім, – дегені сол еді Күлжамалдың, ой бай дың
кө ке сі басталды.
– Бəсе, түрі жаман қудай еді. Е, шұнақ Құдай, маған қай-
дан қос ұл берсін деп ем-ау. Бір қызығымның екеу бол ға нын
көп көрдің бе, шұнақ Құдай? – деп жылай жүріп ке лі ні нің
үс ті не көрпе жапты. Еріп кіргендер не істерін білмей есік тү-
бі не иіріліп қалды. Əсиқаның ойбайы естерінін жа ңыл дыр-
ған дай. Раушан əлсіз үнмен:
– Апатай, қойыңызшы Өсер аман келсе он ұл тауып бе-
рер мін, – деп енесінің қолынан ұстай алды. Əсиқа сонда ба-
рып есін жиып, жан-жағына қарап:
|