Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет81/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
шөп отау ға шығып жатқанын көріп, үйге қайтып кетуге дəті 
шыдамады.  Апа-жеңгелерімен  бірге  сол  науқанды  жұ мыс-
тар дан қалмай жүрді. Шешесінің:
– Раушантай, шырағым, қалаға барып өз үйіңнің тір лі гі-
мен-ақ, айналыссаңшы. Қайратжан əжесі екеуі-ақ қор қа тын 
шығар, – дегеніне де көнбеді. Қайта жаз шыға жүзін жел қа-
ғып қызылшырайлана бастаған келіншек тіптен бұ рын ғы дан 
да əдеміленіп келе жатыр еді. Аптасына, он күнде бір барып 
енесі мен ұлын көріп, Өсерінен келген хаттарды оқып қай-
та ды.  Өзінің  түсінігінде  тылдағылардың  əрбір  атқарған  ісі 
жауынгерлерге көмек. Өсер «Германиядан жаяулап-жалпы-
лап келген» жау біздің жақтың қысына шыдамайды. Əлі-ақ 
бір қар жауып, аяз қысқанда артына қарай қашады. Біз же ңе-
міз, оларды ініне қуып тығамыз», – деп жазып еді. Ол бə ле-
лер қыстап та шықты, неге олардың киімі жыртылап, та ма-
ғы таусылып қалмайтынын. Тіпті жат жерде неге қы ры лып 
кетпейтінін. Соңғы кездері əркім-əркімнің үйіне жауынгер-
лерден «қара қағаз» деген сұмдық келе бастады. Хат күтіп 
жүр ген байғұстарға «қара қағаз» келгенде сол үй де гі сорлы 
қатындар – анасы бар, жары бар бір өліп тіріледі ғой. Со ғыс-
тың алғашқы жылында хат тасушы Жұмабек шал шо лақ бай-
талымен  қырдың  үстіне  шыққанын  аңдып,  қарасы  кө рін се 
болды бір жас келіншекті не бір балақайды алдынан жү гір-
те тін əйелдер енді ақсақалды көрсе қашатын болды. Əсі ре-
се, пошташы шал солардың көшесіне түскеннен үйге қа шып 
ты ғы лып, сыртқа балаларын жіберетін.
– Ата, көкемнен хат бар ма? – деп жүгіріп келген ба ла ға 
үн де мей, қақпаға байталын байлай бастаса сұмдықтың келе 
жатқаны. Терезеден қарап тұрған жауынгердің анасы не жа-
ры ның жүрегі зулап қоя береді. Кезінде мұғалім болған Жұ-
ма бек ата қара танығаны үшін жазаланып жүргендей. Ауыл-
да ғы жастың бəрі жұмыста болған соң, сауаты бар қарияны 
ауыл сə бет қоярда қоймай пошта тасытып қойды. «Со ғыс қа 
қос қан үлесіңіз болады, əйтпесе, азық-түлік даярлап жүр ген 
бір жасты босатуға тура келеді», – деп қоймады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет