Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет83/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
құйып беріп оқитын шіркін апасы ғой. Ол ауылдан келген-
нен қайтқанша əжесі Өсержанының хатын он қай та лап оқы-
та ды. Содан соң ол хатты төс қалтасына салып алып жү ре ді. 
Енді əжесі баяғының батырлар жырын тың да ған дай Қай рат-
тың жаттап алғанын қайталатып тыңдайды. 
–  Əй,  зердесінен  айналдым,  көкесінің  əр  сөзін  жаттап 
ал ған, – деп ара-арасында көтермелеп қояды. Қайрат болса 
ұмы тың қы рап қалған жерлерін ойынан қосып та жіберетін 
болды. Бұл əжесі екеуінің ғана өткеретін ерекше бір бақытты 
сəт те рі еді. 
Раушан  жартылай  жаяулатып,  жартылай  ауданға  қа ты-
най тын  арбакештерге  жармасып  екі  жетіде  бір  үйге  келіп-
кетеді.  Шаршап-шалдығып  жеткенде  қанша  қалжыраса  да 
енесі мен ұлының жанында əңгімелесіп ұзағырақ отыр ғы сы 
ке ле ді. Үшеуінің жырдай оқып, жан дүниелерімен тың дай-
тын да ры – Өсердің хаттары болатын. Ол да қайбір сөзге ше-
шен дейсің, хатының жартысы амандық-саулықтан тұрады. 
Жартысы  Қайратқа  қаратып  айтылатын  армандар. «Соғыс 
бі те ді... Мен келген соң екеуміз», – деп басталып қайда ба-
ратындарын,  не  істейтіндерін  айтады.  Арасында  «інің  еке-
уің», – деп қоятын алғашқы хаттарында. Соңғы кездері Рау-
шан жасырмай баласы түсіп қалғанын жазып жіберді. Содан 
«Мен соғыстан оралған соң əлі-ақ іні-қарындастарың бола-
ды», – деп жаза бастады.
Сол хаттардың əсері ме Раушан осы үйде ұйықтаса бол-
ды  Өсер  түсіне  кіреді.  Содан  екіқабат  болып  жүреді.  Тіп ті 
кейде  ұйқылы-ояу  Өсері  бетін,  шашын  сипағандай  болып 
оянады. Жаздың қысқа түні емес пе, таң жарығымен үй дің 
іші сəулеленіп, жанында біреу бар сияқты əсерге бө ле не ді. 
Бая ғы да  тұрған  бір  ауқатты  адамдардан  қалған  қос  тө сек-
те  жалғыз  аунап  жатады.  Ұлы  əжесінің  бауырынан  шық-
пай ды,  бөлек  бөлмеде  ұйықтайды.  Өсері  жанында  жат қан-
да жастыққа басы тигенінен таңның қалай атқанын білмей 
ұйық тай тын.  Жалғыз  жатқаннан  бері  түнде  əлденеше  рет 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет