Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет91/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
осы  жолы  пайдаға  асты.  Соғыстан  келген  жауынгердің  от-
басы атанып, еркегі қызметке ілініп, отбасының ас-суы бе-
рекеленіп қалды. Люданың ұлы Науаттың қойнынан, Люда 
Шал қар бай дың қойнынан шықпайды.
Күзге  салым  Молдахмет  сөзін  жұтпай  Раушанды  баста-
уыш  сыныпқа  ұстаздыққа  алды.  Қайрат  сөмкесін  сүйретіп 
ше ше сі нің  сыныбына  барды.  Өсерден  айына  бір  хат  келіп 
тұр, сол көңілге қуат. «Өсерім аман келсе екен, керман қы-
ры лып соғыс бітсе екен» болды Əсиқаның күні-түнгі тілеуі. 
Таң ер тең галифесінің балағын қайырып тастаған, екі қо лын-
да екі балдағы бар Шалқарбай жұмысқа кетерінде күн де қо-
лын алып өтеді. Науат та ақкөңіл байғұс, алмасына қой май, 
ас-суынан жырып беріп тұрады. 
–  Апа-ау,  Өсер  келгенде  Шалқарым  айтпай  ма  «Сенің 
анаң ды апамдай көріп жүрдім, сен келгенше орныңды тол-
тырдым», – демей ме», – деп қояды.
Люда  болса  Раушанмен  дос.  Оның  орысшасын  сол  ұға-
ды.  Үйге  келіп  алып  кей-кейде  былдырлап  ұзақ  əңгіме  ай-
татыны  бар.  Онысын  кеткен  соң  Раушан  енесіне  аударып 
жет кі зіп береді. Ұзын-ырғасы: Люда əке-шешесіз жетім қыз 
екен. Соғыс басталғанда медицина учелищесінде оқып жүр-
ген жерінен майданға өзі сұранып аттаныпты. Госпитальда 
Шалқарбайды  көріпті.  Жарадар,  екі  аяғын  көзінше  ке сіп ті. 
Өзі əнші, өзі ақкөңіл, орысшаға жүйрік жігітке ғашық болып 
қалыпты.  Сонда  үш  ай  емделіп  еліне  қайтатын  болған  соң 
«Шалхарын» қимай еріп келіпті. Өзі енді жиырмаға тол ған 
қыз бар өмірін екі аяғы жоқ жігітке арнап отыр. «Ол мен сіз 
қалай өмір сүреді», – деп қоятын көрінеді. Осындай ақ жү-
рек орыс қызын бəрі жақсы көріп кетті. Шалхарынан қолы 
босаса үй тірлігімен де айналыса береді. Ыбырсып жататын 
Науаттың  үйі  тазарып,  көрпелерінің  сейсебі  ағарып  қал-
ды. Науат Люданың ұлын арқасынан тастамайды. Шы ғар да 
жаны бөлек. Көзі тұздай, шашы ақселеу балақан да апасынан 
қалмайды. Тілі «Апа» деп шықты. Байын біржолата берген 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет