Сәуле Досжан
99
шып кетеді деген орыстың қызы батпандай ұл тапты. Оның
толғағы басталғанда талып қала сақтап, етегіне сүрініп На-
уат тағы апасына қарай жүгірді.
– Апа, Лөдесінің толғағы басталды! – деп бір кетті.
– Апа, Лөдесі ұл тапты! – деп не қуанарын, не жыларын
білмей тағы келді.
– Ой, айналайын, Шалқаржан! Кім айтады мүгедек деп,
еркек нағыз! – деп апасы риза болып отыр. Тісі жоқ аузын
аң қи тып Науат апасына таң қалып қарайды.
– Əй, Науат сен енді бəйбіше болдың. Баяғының бес бие-
нің сабасындай, ақылы алдында əулеттің анасы болдың! –
деп оған көпшік қойып, не дерін білмей тұрған Науатқа:
– Шалқарбайдың қай қатыны тапса да бала сенікі, – дей ді
тіпті.
Науат апасына ренішін айтып, Люда мен Шалқарбайды
жамандағалы келіп еді. Апасы баладан басқа ешкімді білгісі
келмейді:
– Шалқарды аман алып қалған Лөде. Сенің ақылың бар
ғой, егер Лөде болмаса сен Шалқарбайды қалай бағасың?
Əне, тамағын аузына тосып, жуындырып, тазалап отыр. Тіп-
ті қосылып орыстың əнін салғаны қандай. Кармонын тартса
алдында тарсылдатып билеп те береді, не дейсің енді. Бала-
сын бағысып бер. Сол орысымен мəз болып жүрсін, – деп
апасы елде жоқ кеңес берді.
Шындығында Людасы анау-мынаумен шаруасы жоқ,
осылар не жесе соны жеп, не ішсе соны ішеді. Шал қар бай-
дың асты-үстіне түседі. Апасының ақылымен На уат ша лы-
ның кенжесін баға бастады. Люда емізгені болмаса, балада
жұ мы сы жоқ, баланы бесікке салып қойды, баққаны – байы.
То қа лы ның буынан ба, кеш көрген баласының несібі ме
Шал қар бай аудандық кеңеске қызметке ілінді. Аяғының про-
тезімен жүріп қатардан қалмады. Екі қолтығындағы бал да-
ғы мен тарсылдатып кіріп келгенде кеңседегілер тақ тұ ра ды.
Бұ рын есеп-қисап жасап, бұғалтырдың оқуын оқып ал ға ны
100
Достарыңызбен бөлісу: |