Үлкен үйдегі үрей
Енесі жүр аулада екі қолы білезігіне дейін қызылшаның
бояуымен қып-қызыл болып. Боялған жүндерді сəкіге жа-
йып тастапты.
– Раушантай, Өсержанның өткендегі хатын тағы бір оқып
жіберші, жарығым. Сен ертең кеткенде Қайратжан шатып-
бұтып бірдеңе деп қайталап берер, – деді. Сол-ақ екен ке лі ні:
– Мақұл апа, – деп үйге жүгірді.
Өзінің де Өсердің хаттарын қайталап оқығысы келіп еді,
тек сүрсігіп жүрген енесінің көз алдында хат оқып оты ру ға
ұялған. Көктен тілегенін жерден берген Раушан құл ды раң-
дап барып Өсердің хаттарын алып келіп сəкіге жай ға сып
алып енесіне қайталап оқи бастады.
«...Ардақты Апа, Аяулы Раушан!», – деп басталатын
хаттары, кейбіреуі Қайратқа арнап жазылған. «Ұлым, Қай-
рат!», – дейді. Қаладағы аралас-құраластар мен Рау шан ның
төр кі нін түгел сұрайды. Өзінің туысым деп сұрайтындай кімі
бар дейсің, жалғыз шешесінен басқа. Соны сезген анасы:
– Е, жалғыздың жары – Құдай деген. Сұрайтын туысы
бол ма ған соң, қайын жұртының түгін қоймай тізе беріпті,
шы ра ғым, – деп бір кемсеңдеп алады.
Сөйтіп хат қайталап отырғанда Науат келді етегі жерге
сүйретіліп.
Балағынан бала аққан бəйбіше, қашан көрсең де алп-салп
етіп, етегі жерге тиіп, орамалы бір жағына қисайып, шашы
жалбырап шығып жүргені. Əсиқа Науатты дəл осы қал пын да
сондай жақсы көреді.
– Ой, алпа-салпа болған берекем, – деп еркелетіп қоя ды.
Оңашада осы «тұқымы өскіш, салақ қатынды» келініне үлгі
етеді. Раушан тым тазалықшыл, онысы енесіне ұнамайды.
– Тықырлана берме, ана Науатты қарашы, балағынан он
бала өріп, үйіне барсаң есіктен төрге шейін шашылып жат-
қа ны береке боп, – деп мақтайды. Сөйлеп жүріп келініне көз
тастап қояды, қалай қабылдады екен деп, ренжітіп алдым ба
дегендей.
|