Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет95/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
105
– Ұйықтай ғой, Шалқардың жүгермектері түнімен ойнап 
шы ға ды, солардың тарсылы шығар. Тіпə...тіпə, – деп бетіне 
тү кі ріп қойды «ұшықтың» ырымын жасап.
– Тарсыл емес,апа, жанымда тұрды. Ақ көйлек-дамбалы 
бар. Жазда да елден келгенде өстіп оятатын сізге айтуға ұя-
ла тын мын, – деп басын көтеріп алды Раушан.
–  Оятқаны  несі,  сандырақтамай  жат  енді.  Өсердің  елесі 
шы ғар,  қырқына  дейін  жақындарының  маңайында  жүреді 
дей ді ғой. Қорықсаң бізге кел. Ой, Алла-ай, – деп ах ұрған 
ене сі іші жанып жатқандай күрсініп, есікке беттеді.
Ұйқы  қайда  Ай  терезеден  ауып  кеткенше  Раушанның 
көзі жұмылмады. «Шынымен Өсердің өлгені ме? Апамның 
«қыр қы» дегені несі, өлімге қиғаны ма?», – деп күйіп-жанып 
жылап жатты. Кеше Қайрат «Апа, көкем енді келмей ме?», – 
деді  оңашада.  Бала  неме  айқайлап  жылағанды  да  білмейді 
ғой. «Кім біледі, басқа ауылдарда осындай қара қағаз келген-
дер  мү ге дек  болып  оралып  жатыпты  ғой», – деп  əлдебір 
үміт пен күмілжіген. «Шалқар көкеге ұқсап аяғы жоқ болса 
да  келсе  екен», – деп  ұлы  бауырына  тығылған. «Əжем нің 
баласымын», – деп өмірі əжесінің жанына жатып, шешесіне 
кө ңіл де бөлмейтін баланың жүрегі бір жамандықты сезген-
дей. Сол арқылы анасымен қайғысы ортақтасып, əлем де гі ең 
жанашыры анасының бауырына тығылып еді.
Бір күні сəрілік үстінде енесі:
– Балам, қанша қимасақ та қара қағаз алдық, екеуміз ғой 
өмір бойы күтеміз, тілеуін тілейміз. Сонда да Өсер жан ның 
қырқын  берейік  ел  қатарлы.  Мен  құдаға  сəлем  жолдайын, 
бір қой алып келсін, – деді даусы іріп.
– Сонда, қай күнді «қырқы болды» дейміз.
– Қара қағаз кемі он күн жүріп келер, пəлекет, соған отыз 
күн қосайық, – деп екеуі өзара амалсыз мəмілеге тоқтады.
Раушан əр бейсенбі сайын түнде бөлмесінен елес көреді. 
Көретіні ақ сақалды, көзі көк, орыстың шалы. «Орыс атаны 
тағы  көрдім», – деп  айтуға  өзі  қайғыда  жүрген  енесі  тіп ті 


106


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет