Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет94/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
ай дың сəулесімен баяғыда жоғалып кеткен бір ер адамның 
сұл ба сы ағараңдайды. Үстінде ақ көйлек-дамбалы бар. Ар-
лы-берлі бөлмені шарлап жүрді. 
Келіншек  көрпесі  жартылай  ашық  қатты  ұйқыда  жатыр 
еді. Ақ қиімді сұлба жақындап келіп, көрпеден шығып жат-
қан  аяқты  ұстады.  Одан  еңкейіп  келіншектің  бетіне  ұзақ 
үңі ліп  қарады.  Қасы  қияқтай,  оймақ  ауыз,  қап-қара  шашы 
жас тық тан асып жерге салбырап тұр. Ақ жүзі толған айдай, 
қа ба ғы сəл шытыңқы, ыңырсып қояды. Өміріне ренжіп жат-
қан дай...
Сұлба енді келіншектің бетіне бетін тигізді. Ысып жатыр 
екен. Аяғы да күйіп тұр екен. Енді көрпесін кеу де сі нен тө-
мен ысырып, көкірегіне алақанын қойды. Жас ке лін шек тің 
тəні  күйіп-жанып  жатқан  еді.  Сұлба  қайтадан  бе тін  оның 
бетіне  тақап,  демін  жұтты...  Қандай  хош  иісті  дем...  Тым 
тақалып кетті ме, келіншек басын бұрып, қоз ға лыс біл дір ді. 
Сұлба шегініп кетіп, қара-а-п тұрды. 
Раушанның  бетін  біреу  жыбырлатқандай  болды.  Шаш 
сияқ ты ма, сақал ма... Тəтті ұйқысын қимай, тек басын бұр-
ды  бір  жағына.  Ұйқылы  ояу.  Елесті  көрер  емес. «Өсердің 
са қа лы өсіп кеткен бе?», – деп ойлады. Көзін ашайын десе, 
ашылмайды. Шынымен тақалған Өсердің беті ме? Ашылып 
кеткен көрпесінен денесі тоңазып, оянып кетті. Көзін аш қа-
ны сол еді, төсегінің жанында ақ киімді біреу тұр. Аузынан:
– Апа, Қайрат! – деген сөз қалай шығып кеткенін біл мей-
ді.. Даусының шығуы сол екен əлгі елес терезеден түс кен ай 
сəулесіне сіңіп жоғалды. Апасы байғұс та жалғызын жоқ тап 
ұйықтамай жатыр ма, дауыс құлағына жетісімен ки ме ше гін 
жүре киіп жетіп келді. 
– О,не шыбыным? Шошыдың ба? Біссіміллə, бісіміллə, – 
деп маңдайын ұстап, көрпесін қымтап, əлекке түсті.
– Апа, осы үйде біреу бар ма? – деді келіні елегзіп. 
– Жоғə, түс көрген шығарсың, шүкірім, – деп алақ-жұ лақ 
жан-жағына қарады да:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет