Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет102/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
113
қай та дан  оның  жүрегіне  от  салып,  мазасын  алды.  Қуа ныш 
үйде болмаса болды, соның төсегіне барады. Аяғын сипай-
ды, маң да йы нан сүйеді. Құшағына орайды. Кейде сұлу ке-
лін шек  оя нып  кетіп,  елесті  көріп  қорқады.  Біреуге  ай ту ға 
тағы батпайды. Түскеніне үш жыл болды, бала кө тер ме ген 
соң,  кө ңі лі  сынық  «туа  алмай  жүріп  жын  иектепті.  Жыны 
еркек болып түнде келеді екен», – деп əңгіме ете ме деп ұя-
ла ды. Сөй тіп жүргенде елес жас келіншекті құшағында тұн-
шық тыр ды…
–  Ойбу,  несін  айтасың,  Қуаныштың  келіншегінің  жү рек 
талмасы бар екен. Күйеуі сақпанға кетіп, жалғыз жат қан да 
ұс тап қалыпты, – деп əйелдер шулады да қойды.
Жас  жігіт  қашанғы  жүрсін,  келіншектің  қырқын  өткізе 
үй лен ді.  Жылға  толмай  жас  келін  қыз  туды.  Оның  атын – 
Қым бат қойды.
Баяғы  Акметовтен  қалған  үлкен  үйдің  екі  жағынан  екі 
есік шығарған Шапанбаевтар мен Шалқарбаевтардың отба-
сылары  өсіп-өніп  жатты.  Жалғыздан  қалған  жалғыз  не ме-
ре сі нің төрт балалы болғанын көрген Əсиқаның бақытында 
шек жоқ еді. Он төрт бала тапқан Науат келінін отыр ғы зар ға 
жер таппай, айланып-толғанып жүргені. Шолпанға жер бе-
тін де гі Бипатма – Науатты үлгі етіп аузынан тастамай оты-
рады. Кезекті бір мақтап жатқанында Қайрат:
–  Əже,  өткенде  Ақмолаға  жиналысқа  барғанда  көрдім 
тың  игеруге  келген  орыстың  қыздары  Люда  тəтемнен  ау-
майды екен. Шолпан Науат апамнан үлгі алса, мен Шалқар 
кө кем нен үлгі алып енді орыстан да бір əйел алайын, – деп 
əзіл де ді.
– Тəйт, қайдағыны айтпай. Шалқар қан майданда жанын 
алып қалған соң орыстың қызына қарыздар болып алып кел-
ді. Қайдағыны айтқаны несі, – деп кемпір ренжіп қалды.
– Əже, əркімнің заманында бір майдан, тың игеру де май-
даннан  кем  болмай  тұр.  Өткенде  ауаткомдағылар  маған  да 
трактормен «жер жыртатын екі қызды бөлеміз, ала кет ауы-
лы ңа» деген», – деп немересі де қояр емес.


114


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет