Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет103/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
– Апа, алса алсыншы, көрейік. Люда тəтеме ұқсап əзір-
гі нің орысы бала тауып, күйеуінің аяғын жуып отырар дей-
місіз.  Екеуі  бірдей  егістің  басында  түнеп,  соның  сынған 
тракторын жөндеп жүрсін, – деп келіні қосылды. Осы кезде 
есіктен Мерей мен Көбей кірді таласып.
–  Көке,  осы  біздің  отын  қорадан  сұмдық  дыбыс  шы-
ға ды, – деп алқынып тұр. Үйдің отын жағу сол екеуінің мой-
нында. Екеуі кезектерін сақтап, кейде бұзып алып, таласып 
жат қаны.
– Қой, қайдағыны айтпай, сырттағы дауылдың есік-тере-
зесін сықырлатқаны да. Бұл қашанғы үй, – деп əжесі өт кен ді 
есіне алып. Осы үлкен үйдің өзі естіген, көрген тарихынан 
əң гі ме айтып берді. Ол кезде кешкі асып ішкен Қайрат пар-
тия  жиналысына  баруға  асығып  шығып  кетті,  ұл да ры ның 
сө зі не мəн де бермеді….
Бесінші  балаға  аяғы  ауыр  жүрген  Шолпанның  есіне  бір 
кезде Алматыда оқитын қызы түсіп кетті, балпаңдап əжесінің 
бөлмесіне кіріп:
– Əй, ұлдар, ертең Ырыстыны күтіп алуды ой лас ты рың-
дар, көкеңнің көлігін сұрап, қайдағы ертегіні шындыққа ай-
налдырмай, – деп ескертті.
Əсиқаның  шөбересінің  алды – Ырыстының  Алматыдан 
келетіні Шапанбай шалдың əулеті үшін шағын той еді. Əже-
сі айтқандай «Дəу доғдырдың» оқуына түскен Ырысты қыс-
қы сессиясын жақсы тапсырып келе жатыр. Артынан үш ұл 
бала  ерген,  шынында  əжесінің  ырысы,  үйдің  берекесі.  Со-
ның қуанышында тоқсандағы Əсиқадан төрттегі Санатқа де-
йін əзірлікте. Ырысты келгенде бірге оқыған сыныптас тары 
да осы үйде бас қоспақшы. Бір сынапта оқыған он алты ба-
ладан  жоғарғы  оқуға  Төлеген  екеуі  ғана  ілінді.  Ырыс ты – 
Ал ма ты да  ғы медицина институтына, Төлеген – Абай атын-
да ғы педагогикалық институтқа түсті. Екеуі Алматыда бірге 
жү ре ді.  Мұндағы  достарының  біразы  тың  игеруге,  біразы 
мал бағуға аттанды. Мектеп бітіре салып сыныптас екі қыз 
кү йеу ге тиіп кетті. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет