Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет106/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
117
– Ой, ауырмайтын жер бар ма, түнімен өстіп алысып шы-
ғып, балаларды оятып алмайын деп үндемей шыдаймын, – 
деп көрпесінің маңайынан тер сүртетін орамалын іздеді. Əр 
сө зін алқынып айтты.
– Е, мен өлсем өлем де. Жүзге жақындадым, шайтан боп 
кет ті дейсің бе? Өткенде түсіме Өсерім мен Раушаным кіріп-
ті. «Апа «Қырық қыздың ауылына барамыз, бізбен барасыз 
ба?» – дейді, екеуі риза, қолтықтасып алыпты. Менің де бар-
ғым келіп:
–  Əлгі  Ырысжан  келсін,  Шолпан  да  əне-міне  деп  отыр. 
Кім  қарасар  босанып  қалса, – деп  жатып  оянып  кетіппін. 
Міне сен де келдің, енді өлсем арманым жоқ. Соғыстың аза-
бы мен тозағынан əкеңді сүйреп, жүріп өсірдім. «Үйленем»– 
деді, үйлендірдік ел боп-жұрт боп. «Оқимын» деді, Шолпан 
екеуміз оқыттық. Енді атқа мінер азамат, төрт баланың əке сі 
болды.  Сендерді  бағысуға  да  Алла  қуат  берді. «Қай ра тым-
ның қолы аузына жеткенше ала көрме» деп құдайдан ті леп 
едім. Оны да берді. Енді тағы жүре берейін десем, Құ дай дан 
ұят-ты. Менің уақытым болып қалды, – деп шөбересіне түн 
жарымда əңгіме айтып берді. Əжесінің əңгімесіне ал дан ған 
қыз елес жайлы ұмытып та кетті…
Араға үш күн салып таңға жуық Қайратжанының қо лын 
ұс тап жатып Əсиқа ана өмірден өтті. Сонда əлгі елес Ырыс-
ты ның есіне түсіп, «Е, əжемді əкеткелі келген атам екен ғой, 
ақ  көйлек-дамбал  киген»  деп  ойлады.  Бірақ  көрген  елесін 
де, əжесін əкеткен атасы жайлы ойын да ешкімге айтпады. 
Ал, шындығында ол атасы емес, баяғы Хадишаның «жирен 
шалы» – Арслан еді. Əдемі əйел, сұлу қызға жаны қас Арс-
лан ның  рухын  Ырыстының  от  жанары,  алма  жүзі,  иы ғын 
жап қан қолаң шашы, талшыбықтай тербелген сұлу тұл ға сы 
қай та оятқан болатын.
Жазға салым Ырысты бірінші курсын жақсы аяқтап, кө-
ңі лі алып-ұшып туған үйіне келді. Бəрі орнында тек сү йік ті 
əже сі ғана жоқ еді. Қыста əжесінің орнын толтырғандай апа-


118


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет