Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет107/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
сы қыз босанды. Көкесі əжесіне ұқсатып атын – Əсира деп 
қой ды.  Ырысты  жазғы  демалысқа  келгенде  күлуге  жарап, 
бал па нақ тай болып өсіп келе жатыр екен.
Туған күні де жақындап қалған жас ару бірге оқыған сы-
ныптас достарымен байланысып, он сегізге толғанын той лау-
ға шақырды. Алматыдан Төлеген де келген екен, күн де кеш 
бата екеуі ауылдың сыртында қыдырып, сыр ла сып жүрді.
Ырыстының  туған  күніне  қырда  трактор  айдап,  мал  ба-
ғып жүрген жігіттер мен қалада үйлерінен ұзап шыға алмай 
қалған қыздар, тіпті күйеуге тиіп кеткендері де серіктерін ер-
тіп бас қосты. Солардың ортасында бойжетіп қалған көр ші-
нің қызы Қымбат та жүр. Сол жылдары мода болған твис пен 
факстротты  табандары  тозғанша  билеп,  арасында  вальске 
де айналып жүрді. Таң атқанша Шəмшінің əндері айтылып, 
неше түрлі ойындар ойналды. Əсіресе, Төлегені бар өнерін 
көр сет ті.  Орыстың  əуеніне  Люда  тəтелерін  шақырып  алып 
би ле тіп, частушкаларын да айтқызды. Біраз билеген соң:
– Ойбу, балалармен бала болып кеттім, – деп орыс жең ге-
ле рі ұялып тамақ пісіріп жатқан Шолпандарға барды. 
–  Ой,  Люда  тəте  бір  жасап  қалдыңыз,  енді  Шалқар  кө-
кем мен бірге бізге өнер көрсетіңіз, – деп Қайрат та əзілдеп 
қояды.
Жастар  таң  ата  тарқады.  Төлештің  қолынан  ұзақ  ұстап 
тұ рып,  неге  екенін  əлдебір  қимастықен  қақпадан  шығарып 
сал ған Ырысты үйге оралды.
Бұрынғы  əжесінің  бөлмесі  немерелеріне  тиген  еді.  Төр-
де гі ағаш төсекке Ырысты жатып жүрген. Бүгін бауырлары 
ертелеу басқа бөлмеге ұйықтап қалыпты. Терезеден түскен 
тол ған айдың сəулесімен сұлу қыз бұрымын тарқатып, жа-
ла ңаш та нып шешінді. Жатарда киетін жеңіл көйлегін киді. 
Əде мі леп керіліп алды да, есінеп барып төсегіне жата кетті. 
Ақ жаймамен қымтана жамылып, көзін жұмды. Ала таңнан 
дас тар қан  мəзірімен  жүрген,  одан  кейін  əбден  билегеннен 
де не сі шаршап қалған ару тез ұйықтап кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет