Сәуле Досжан 121
– Шолпан Қайрат қайда, өткенде Қарағандыдан көріп
едім, «жиылысқа келдім» деген, өзі жиналысшыл болып
алыпты, байқа, – деп əзілдеді.
Қымбатты көрісімен алдынан апасы, бауырлары шұ бы-
рып шығып бірі бетінен сүйіп, екіншілері сөмкелеріне тала-
сып мəз-мəйрам болды.
Шолпан болса өткен жазда ғана осындай бақыт өз от-
басыларында да болғанын есіне алып, сол күндерді сағына
ойлап, жүрегі жылап өз ауласына бұрылды. Ол жақтан Қым-
бат қа Ырыстының бауырлары қызыға қарап тұрды…
Қымбатқа күзде сабағына кетерде Науат əжесінің қайта-
қайта айтқаны:
– Басыңды ауыртып оқи берме. Жүрегіңе салмақ тү се ді,
Ырыстыны сол оқу жеп қойды ғой. Жататын жерің бар, біз
қаржы жіберіп тұрамыз. Тек сабағыңнан қалмасаң болды
ғой. Денсаулығыңды алдымен ойла, – деп қақсай берді. Қым-
бат енді түсінді неге апасының өзін Алматыға жібермегенін.
«Алматының оқуы ауыр, онда барса зорығып кетеді», – деп
ойлаған ғой. Енді нағашыларының үйінде жүреді. Қар жы ны
өздері салады. Тек сабағынан қалмай, барып-ке ліп жо ға ры
білім алып алса болды деп ойлап жүргені ғой. Ырыс ты екеуі
сырлас болатын, құрбысының бір жері ауыр ға ны на ша ғын-
ға нын естімеп еді. Қайта əңгімесінің бəрі жігіті Тө леш тура-
лы болып, қашан көрсең жарқылдап жүретін. Оның жұм бақ
өлі мі Қымбаттың да есіне анда-санда түсіп, себебін іш тей
із деп қоятын. Ырыстының жетісін өткізерде Төлеш екеуі
оның бөлмесінде отырып өткенді еске алысып ұзақ жылап
та алған. Бірге түскен суреттерін қимай қараған да еді. Қан-
ша саралап ойласа да, Ырыстының мезгілсіз өлімінің ше-
шуін таппаған. Осыдан болар деген себеп те болмады. Жас
қыз дың жұмбақ өлімі ашылмаған қалпында қырқы өтті, жаз
аяқ та лып күз де орталанып барады.
Қыркүйекте Қымбаттың сабағы басталды. Бір жеті оқы-
май жатып студенттерді Целиноградтың астығын жи нау ға