Сәуле Досжан
123
орта мектепті бітірген екен. Жоғарғы оқу орнына тал пын ға-
ны мен түсе алмай, бухгалтерлік курсты аяқтап алыпты. Со-
дан ауылдың орталық бухгалтериясында кіші есепші болып
жү ріп, осы жазда оны басшылары қырмандағы таразыға Ба-
ғи ла апаймен кезектестіріп отыруға қойыпты. Бір күн түн гі
сегізге дейін, келер күні түнгі сегізден таңғы сегізге де йін гі
та ра зы ға келген бидайдың салмағын өлшеп отырады. Аяқ-
қолы балғадай, өзі ақкөңіл, ер мінезді қыз өзі түнде үйін де
демалатын күні Қымбатты ала кетеді. Əке-шешесі, бауырла-
ры бəрі Қымбатты өз қыздарындай көріп, Перизатпен еріп
келгенде қуанып қалатын.
– Тəңірім-ау, адам баласына да осындай көрік береді екен,
тіпə, тіпə, – деп тіпті шешесі Əйімқан апа шынымен ақ та ры-
лып салған Қымбатқа. Моншаға түскен бір күні Қым бат тың
тірсегіне түскен шашын жуып, тарап та берді.
– Перизат, сен байқа мына баланы біреу алып қашып кет-
песін, – деп ағынан жарылып отыратын. Қымбаттың өзі нің
де мінезі ауыр, анау-мынауға еліге кетпейтін.
– Көрік деген көздің құрты шырағым. Қырманға бар ған-
да басыңа орамалыңды бастыра тартып, шашыңды жинап,
үстіңе қолқылдаған көріксіздеу киім киіп жүргейсің, – деп
қамқорлық жасап, түнгі кезекке баруға шалының кү пəй ке сін
кигізіп қоятын. Көкесінің күпəйкесінің ішінде мойны қыл-
қиып, апасының бөкебайынан көзі ғана жыл ты ра ған Қым-
бат тың түріне Перизат ішегі қатып күлетін. Пе ри зат тың
аға-жеңгелері де жақсы жандар болып шықты. Үлкен аға-
сы – Əбдіқас қыздарды қырманға мəшинесімен апарып-алып
ке ліп жүретін.
Бірге оқитын қыздары, таңертең жұмысқа келгенде:
– Байқа, бəрі қамқорсып кетіпті, келін етіп алып қал ма-
сын, – деп қорқытып қоятын.
– Ой, олардың үйінде маған лайық бала жоқ, бəрі кішкен-
тай, – деп Қымбат ұялып қалатын.
– Табылады ғой, шынымен ықыластары кетсе. Жең ге ле-
рі нің інілері бар шығар, – деп қыздар да қоймайды.
124
Достарыңызбен бөлісу: |