Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет120/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
Серік мұндай қарсылық күтпеп еді, сасқалақтап қалды да:
–  Жарайды,  жарайды, – дей  берді.  Ұялғанынан  купенің 
есі гін  қусырып,  əйнектен  сыртқа  қарап  тұрды.  Бір  кезде 
Қым бат жанына келді де баяу үнмен:
– Ренжіп қалдыңыз ба, жарайды тамаққа бірге баралық, – 
деді сəл жымиып. «Алла-ай, күлгені қандай əдемі» деп ой-
лап үлгерді жігіт ішінен.
–  Ресторан  мына  жағында  екен, – деп  қызды  пойыздың 
соң ғы жағына қарай бастады. Вагондардың қосылған же рін-
де гі аралықтан өткенде алдымен өзі өтіп қызға қолын ұсы на-
ды. Қымбат қанша қысылса да жігіттің алақанына ала қа нын 
салады. Серік қыздың қолын ұстағанда бойына ға жа йып бір 
жылу  жүгіріп  өткендей,  күллі  денесі  еріп  бара  жат қан дай 
сезімде болады. Осындай қол ұстасқан қалпы бір вагоннан 
екіншісіне өтіп өмір бойы жүре бергісі келді. Бірақ өмір де 
бітпейтін  не  бар  дейсің,  кезекті  бір  есікті  ашып  қал ған да 
тамақ  иісі  мұрынға  келіп,  купенің  ыстығы  бетті  шарпыды. 
Екеуі ең шеткі үстелге барып отырды. 
– Ал неге тапсырыс береміз, – деп жігіт шағын ас мə зі рін 
қолға алды. Қыз үндемейді.
– Қане, не жейсің? – деп қолындағы ас мəзірімен қыз ға 
жақындап орындығын жылжытты.
– Сіз тапсырыс беріңіз, – деді Қымбат.
– Сіз не жейсіз, соны жеймін.
– Е, онда жақсы болды ғой, мен əрқайсынан екі-үш пор-
цыдан жеймін, – деп əзілдеді жігіт. 
– А, жоқ, онда маған шамамен ғана.. – деп қыз ас мə зі рін 
қолға алды. Екеуі əзілдесіп отырғанда даяшы қыз келді де:
– Кешіріңіздер, меньюде жазылғандардың бəрі жоқ, біз-
де, – деді жымиып.
– Онда несін жазып қойдыңыздар.
– Тəртіп қой, қазір қуырған картоп пен тауық бар, – дей ді.
Серік  пен  Қымбат  даяшының  берген  тамақтарын  асық-
пай, əңгімелесіп отырып жеді, шəй алдырып ішті. Серік ана-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет