Сәуле Досжан
133
ны, мынаны сұраған болып отырып қыздың тұратын мекен-
жайын да білді. Өзі Алматыда оқитын болған соң, күзде са-
ба ғы басталып кетеді. Қызға тек хат жазып тұратын болады,
сол үшін оның толық мекен-жайы керек еді. Үйінің те ле фо-
нын сұрап еді, қыз:
– Ой, үйге телефон соқпаңыз, көкелерім, апаларым бар
ұят шығар, – деп қоймады.
– Жарайды, менің жазған хаттарыма жауап жазып тұр саң
болғаны, – деп жалынғандай болды.
Екеуі купеге оралғанда екі апасы жатуға əзірленіп жа-
тыпты.
– Ə, келдіңдер ме? Қандай, тамағы қымбат па? – деп қой-
ды біреуі. Екі жас күлді де ештеңе демеді. Қымбат тө се гін
реттеуге кірісті. Серік əйелдер ыңғайланып жатып алсын
деп, есікті жауып, шығып кетті. Ол қайта келгенде апалары
да, Қымбат та ақ жайманың астында бастары ғана көрініп
жатыр еді. Секіріп екінші қабатқа көтеріліп ақ жайманың
астына сүңгіп кетті. Қол созым жерде жатқан қызға қарап
қал ды. Бірдеңе деп айтайын десе, апалардың ұйқысын бұ зу-
ға ыңғайсызданды. Тек ананы-мынаны ойлап жатып, по йыз-
дың тербеткенінен ұйықтап кетті…
Таңға жуық Қымбаттың түсуге жиналған тықырынан
оянды.
– Ə, Қарағандыға келіп қалдық па? – деген Серік жо ға-
ры дан секіріп түсті. Екеуі заттарын жинастырып есікке бет-
те ді. Селкілдей келе пойыз тоқтағанда Қымбат перронда құ-
лап қала жаздады. Серік құшағын жая ұмтылып ұстап қал-
ды. Соны сылтау етіп, құшақтап тұра бергісі келді. Оған қыз
көнсін бе, дереу бұлқынып шығып кетті. Серікке Қым бат ты
енді ешқашан көрмейтіндей қорқыныш пайда болды.
– Қымбат, хаттарыма жауап жазып тұршы, жарай ма? –
деп жалынғандай болды.
Сондай сүйкімді жымиыспен қараған қыз.
– Иə, – деді баяу.
134
Достарыңызбен бөлісу: |