Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет117/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
ды, оның жанында екі қыздың қайбір есі қалсын. Екеуі екі 
жақ та  майысып,  əнге  елтіп  отыр.  Сондай  бір  əсем  кеш  өт-
кер ген үшеуі ай туа үйге қайтты. Сара достарымен қимай-
қи май қоштасып, қонақ жігіттің өнерінен жүрегіне от тү сіп 
қала берді. Екі қыз екі қолтығында Жұлдызбек жұлдызы жо-
ға ры лап ай астында Қарқаралының тас көшесін тасырлатып 
келе жатты. 
Жастар қонақтан келе жастыққа бас қойғандарымен Жұл-
дыз бек  бүгін  тағы  ұйықтай  алмады.  Неге  екенін  өзі  де  тү-
сін бей ді.  Көзі  енді  іліне  берсе,  біреу  түртіп  оятқандай  бо-
лады. «Ұйықтама»  дейтіндей.  Ыңылдап  əн  айтты.  Жал ғыз 
жат қан соң елегізіп жатқан шығармын деп ойлады. Үйін де 
бір бөлмеде жалғыз жататын, жұмыстан шаршап келген соң 
ба тез ұйықтап кететін еді. Жатып алып Перизатты ойлады. 
Сондай  салмақты,  томпиған  сүп-сүйкімді.  Үлкен  жанары 
мейірімге толы. Өзі аңқаулау, не айтсаң соған сенгіш екен. 
Өзіне алғаш көргеннен ұнаған. Бірақ ол сезіміне өзі сенбей 
қызға білдірмей жүр еді. Осы үш күнде Перизатты жан дү-
ние сі мен жақсы көретініне көзі жетті. Екі қызды екі қол ты-
ғы на алып келе жатқанда Перизаттың қолын ұстағанда жан 
дү ние сі еріп бара жатқандай болды. Содан сол бір ға жа  йып 
қол дан айырылғысы келмегендей болып, ұзақ жібермей тұ-
рып та қалған…Жігіттің қолын ұзағырақ ұстап қал ға ны нан 
ұял ған қыз білегін тартып ала қойған.
Сол бір тəтті сəттерді ойлап жатып ұйқыға кетті. 
Терезенің  жібек  шілтері  сырылып  ақ  киімді  елес  кір-
ді.  Бөлмеде  арылы-берілі  жүрді  де  жігіттің  жанына  келіп 
отырды. Жаратылысынан сақ жігіт көзін ашып кеп қалғанда 
жанында отырған ақ киімді шалды көрді. Селк ете түсті де 
басын көтерді. Елес атып тұрып терезе жаққа қашып, айдың 
сəу ле сі не сіңіп жоғалды.
Жұлдызбек денесін көтеріп отырды да жан-жағына бар-
лай  қарады.  Тып-тыныш,  терезеден  толған  айдың  сəу ле сі 
тө гі ле ді.  Жібек  шілтерлі  перде  жартылай  ашық.  Маған  не 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет