Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет119/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
ашып, аппақ балтыры жарқырап көзді тартады. Қолындағы 
жүк сөм ке сін бір жағына қисая көтерген қыз тұп-тура Серік 
отыр ған  вагонға  бет  алды.  Алыстан  көзі  көркіне  сүйсініп 
отыр ған жігіт орнынан қалай атып тұрғанын өзі де байқамай 
қал ды.  Перронның  есігінен  қыз  қайсы  купеге  кіретінін  ба-
қы лап қарап тұрды. Қызыл көйлекті бойжеткен турадан тура 
Се рік тің купесіне кіріп кетті. Көңілі алып-ұшқан жігіт қыз-
дың соңынан купеге кірді де амандасып:
– Сіздің орныңыз нешінші екен? – деді.
– Он үшінші.
– Менікі он бесінші, екеуміз көрші болдық қой. Есі  мі ңіз 
кім? – деді өзінің қалай батылданып кеткеніне қайран қа лып.
– Қымбат! – деді қыз сызылып.
Пойызға жұрттан бұрын келген екі жас танысып, жай сұ-
рас ты. Екеуі де студент, жігіт – төртінші, қыз – екінші курста 
оқи ды екен.
Қымбаттың  аппақ  жүзіне  жарасқан  бетіндегі  тарыдай 
меңі,  тостағандай  қап-қара  көзі,  қарлығаштың  қанатындай 
қасы, қызыл бүлдіргендей ерні тура салып қойған суреттей. 
Купеге кірген соң желкесіне түйген шашын түсіріп еді, Се рік 
тіпті есінен танып қала сақтады. Сұңғақ бой, тілерсекті соқ-
қан білектей бұрым…
Пойыз солтүстікке қарай тарс-тұрс етіп тоқтамай, жүйт-
кіп келеді. Қыз бен жігіттің жанындағы көршілері абысын-
ажынды болар, екі кейуана екен. Купеге кіргеннен бас тал ған 
əңгімелері таусылмайды. Арасында Қымбатқа шəй алдырып 
ішеді. Үстіңгі полкада жатқан жігітпен жұмыстары жоқ. Қыз 
кішкентай шəйнегін алып сыртқа шыға біреуі:
– Əй, Күлимаш, мына қыздың сұлуын-ай, өмірімде мұн-
дай əдемі қызды əлі көрмеппін, – деді.
– Сурет қой, сурет. Өзінің тəрбиесі де жақсы көрінеді, – 
дей ді екіншісі.
–  Əй,  осы  күні  қыз  біткен  шашын  қырыққызуға  əуес, 
мына шіркіннің анасы қандай тəрбие берді екен, айтқанын 


Сәуле Досжан
131
тың дай тын дай. Біздікілер жап-жақсы шаштарын шолтитып 
қиып-қиып тастады ғой, – деп абысынына шағынып алды.
Есіктен шəйнегін көтеріп Қымбат кірді. Екі əйел қыз дем-
деген шəйді ішуге кірісті.
– Кел, қызым бізбен шəй іш, – деді біреуі.
– Рақмет, апа жəйірек тамақтанамын, – деді.
– Əке-шешең бар ма? – деді біреуі сөзге тартып.
– Бар…
– Қайда тұрады?
– Қарағанды облысының, Қарқаралы деген қаласында.
– Не істейді?
– Əкем – профтехучилищеде, шешем – мектепте.
– Бауырларың бар ма?
– Иə, алты ағайындымыз.
–  Өзің  қазақша  сайрап  тұрсың  ғой,  əзіргінің  балалары 
орысша сөйлегенді тəуір көреді.
Қымбат үндемеді.
– Алматыда оқисың ба? – деді қайтадан əйелдер сұраққа 
алып.
– Жоқ, Қарағандыда кооперативный институтта.
– Е, торгаштың оқуы ма? – дейді біреуі білгішсініп.
Қымбат тағы үндемеді. Сөмкесінен кітап алып оқуға кі-
ріс ті. Екі əйел де өздерімен өздері əңгімеге бас қойды. Бə рін 
ес тіп жатқан Серік ұйықтап қалғандай болып тыпыр етпей-
ді. Қым бат тың көркі мен ерекше тəрбиесіне сырттан сүй сі-
ніп жатты.
Бір кезде сағатына қарап еді кешкі жеті болып қалыпты. 
«Бү гін  танысып  мекен-жайын  біліп  алмасам,  таңертең  Қа-
ра ған ды дан түсеміз. Біреу күтіп алса сөйлестірмеуі мүмкін» 
деп ойлады. Жоғарыдан секіріп түсті де, кітап оқып отырған 
қызға:
– Қымбат, жүріңіз, тамақтанып қайтайық, – деді батылда-
нып. Қыз басын көтеріп.
– Рақмет, мен осында тамақтанамын, – дегені. 


132


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет