Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет122/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
Жолсерік  перроның  есігін  ашып  алдымен  жерге  түсті. 
Артында Серік Қымбатты көтеріп алайын деп еді, арт жа ғы-
нан бір жігіт келіп:
– Інішек, былай жылжышы, – деп итеріп қалды да, пер-
рон есігіне жақындаған Қымбатты қағып алды.
– Ой, Жұлдыз, – деп қыз да мойнынан құшақтай алды.
  Серік  іші  жанып  қарап  тұрды.  Қымбат,  оған  басын  сəл 
изеп, ғажайып күлкісін сыйлап кете барды. Денелі, сары жі-
гіт ті жанында құлыншақтай болып еріп бара жатқан қыз бен 
бір ге ең асылы бірге кетіп бара жатқандай, ғаламат қи мас-
тық сезіммен шығарып салып тұрды…
Қымбат жазғы демалысын аяқтап екінші курсты бас тау ға 
Қарағандыға келгенде алдынан Серіктің жеті хаты шықты.
– Осы бір айда соған осыншама хат келді, – деп жең ге сі 
берді.
«Сол күні, сол пойызға бірге мінуге жазған Аллаға деген» 
ризашылықпен  басталған  хаттар, «Биылғы  жаздан  өмі рі не 
осынша  өзгеріс  əкеледі  деп  күтпеген». «Осынша  тəр бие лі, 
көркем қызды көргеніне» риза болған жігіт «Бүгінде қа шан 
күз келіп хаттарына Қымбаттан жауап келер екен деп кү тіп 
жүргенін» айтады. Бір жақсысы, өтірік мақтап, бір көр ген-
нен  ғашық  болып  қалдым  деп  өлердегі  сөздерін  айт пап ты. 
Қанша дегенмен сабырлылық танытыпты.
Бойжеткен сабақ басталған күні бір парақтың үштен бір 
бөлігіне  оқуы  басталғанын,  хаттарын  алғанын  айтып  қана 
сəлем хат жолдады. 
Арада  апта  өтісімен  Серіктен  хат  келді.  Хаттың  əр  сөзі 
жі гіт тің қыздан алған төрт сөйлемдік хатына қуанышты еке-
нін  білдіреді. «Суретің  болса  жібер», – дейді,  өзі  де  келер 
жолы суретін жіберетінін айтады. Сабақта отырып та ойлай-
тынын айтыпты.
Қымбатқа  оқуға  түскелі  бері  көз  салушылар  көп  бол ға-
ны мен ол ешқайсысына көңіл бөлмейтін. Мақсаты – оқуын 
қы зыл дипломға бітіру еді. Əжесі «Ырысқа ұқсап оқу ұрып, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет