Үлкен үйдегі үрей
Қарқаралыға барған бір журналды алып пошташы апай
əжесіне берген екен, «сүйінші!», – деп. Əжесі көре сала:
– Мұнысы несі, əркімнің көзіне түсіп, суретке шығып.
Көз тиетін болды! – деп əбден ренжіпті. Өткенде көкесі кел-
ген де айтып күліп отыр.
– «Əулетімізде мұндай көрікті ешкім жоқ еді, ше ше сі нің
тегіне тартты», – деп мамаңды өмірінде бір мойындап отыр
əжең. Сыртыңнан ұшықтап жатыр. Енді суретке түспесін! –
деп сəлем айтты дейді.
«Газет киоскісіне жақындап тұр едім, арғы жағындағы
бір сурет назарымды аударды. Үңіліп қарасам менің Қым-
ба тым» – деп Серік хат жолдады. Дереу үш журнал сатып
алыпты. Біреуін достарына, біреуін əке-шешесіне бер мек-
ші екен жазғы демалысқа барғанда. «Журналистің» осынша
əдемі қыздың жүрегін ешкім жаулай алмады ма? – дегенге
неге «Менің біреуге қарауға уақытым да жоқ, – деп жа уап
бер дің. Менің осынша еңбегіме ең болмаса «біреу бар» де-
ме дің бе? – деп наз айтыпты.
Журналға шыққаны сол екен ұзамай кинотүсірушілер де
жетіп келді. Тіпті лекцияда отырған жерінде деканы ке ліп,
сабақтан шығарып алды.
– Қымбат сенің киноға түсуге шақырып келіпті, про рек-
тор дың кабинетіне бар, режиссер күтіп отыр, – деп сүйрей
жө нел ді. Əжесінің айтқаны есіне түсіп:
– Қарлығаш Төкеновна, маған үйдегілер рұқсат етпейді, –
деп тартынып еріп келеді.
– Ой, сен де бір, қазақы бала бала емес деген, – деп кейіп
қа ра ған соң, үндемей ілесе берді. Проректордың кабинетін-
де бір əйел мен еркек күтіп отыр екен. Проректор:
– Ə, міне Қуанышеваның өзі де келді, – деді қо нақ тар ға.
Деканының артына тығыла кірген Қымбатты төр де гі екеуі
орнынан тұрып қарсы алды.
– Ой, айналайын, кəне бері кел, сенімен мына аға-апа ла-
рың танысқалы келіпті, – деді проректор аңқылдап.
|