Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет126/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
кө те ріп шашын толқындатып байқап еді, басын жуып жат-
қан қи мыл шықты. Ешқандай шынайылық жоқ, жасанды бо-
лып тұр ды. Айна алдында ары-бері жүріп көріп еді, өзі нен-
өзі қы сы лып аяғын баса алмады. Жанында тірі пенде жоқ-
та  осындай  күй  кешті,  режиссер,  оператор,  тағы  басқалар 
қа рап  тұр са,  тіпті  халық  жиналып  қарап  қалса  қайтпекші. 
«Қой, менен əртіс шықпас. «Құмырысқа жолыңды біл» де-
генді  ұмыт па йын. «Əдемісің»  деп  жұрт  мақтаған  екен  деп 
сах на ға шы ғып масқара болып жүрсем. Одан да сабағымды 
оқып, қыз дар айтқандай ақшамды санап тыныш жүрейін», – 
деп шеш ті. Ертесі шақырған жерлеріне бармады, берген те-
лефондарына  хабарласып  жағдайын  түсіндірді.  Əйел  адам 
«Ой, шырағым-ай, қазақтың қыздары жасық қой. Өзіміз үй-
ре тіп алар едік», деп біраз кейістік білдірді.
Қымбат  осы  жағдайларды  айтып  Серікке  жазып  еді,  ол 
«Ше ші мі ңе ризамын. Өз орныңды білу деген үлкен аза мат-
тық. Сенің əдемілігіңе шек жоқ, оған сенің мастанбай ал ған 
бағытыңнан айнымаған ақылыңнан айналдым», – деп тағы 
да  толып  жатқан  еркелеткен  сөздер  қосып  ағыл-тегіл  хат 
жолдады.
Екеуінің арасында осылай əдемі хаттар ағылды. Екеуі де 
жүзбе-жүз  кездесетін  жазғы  демалысқа  асықты.  Мерекеде 
Серік келіп те кетпекші болды.
Көктемнің жаймашуақ бір əдемі күні еді. Сабақтан шы-
ғып кітапханаға кетіп бара жатқанда алдынан курстасы Əмір 
шық ты. Бірден:
– Ой, сені кешелі бері іздеп таппай жүр едім, жақсы бол-
ды ғой, – деп қуанып кетті.
– Е, неге? – деп таңырқады қыз. Ол сабылып іздейтіндей 
не болды? – дегендей қабақ білдіріп.
– Қымбат өткенде сегізінші наурызда есіңде ме, сен бар, 
біздің қыздар бар мерекелеріңе арналған кешке барып едік 
қой, орталық Мəдениет сарайындағы, – деді.
– Иə, есімде…


Сәуле Досжан
139
– Сонда Жолдас Бүркітбаев деген ақын ағамыз да болып 
өлең оқып еді ғой, сендерге арнап есіңде ме?
–  Иə,  өлеңі  бəрімізге  ұнап,  өлеңдерін  қайталап  сұрап 
оқыт қамыз.
– Сол кісі саған арнап өлең шығарыпты... 
– Қойшы, мен ол кісімен жақын таныспаған едім ғой, – 
деп қыз ұялып қалды.
– Танысқансыңдар, кештің соңында Жазиралардың үйін-
де жалғастырып едік қой. Ол сонда саған ғашық болып қа-
лып ты, – деп жаңалық ашып отыр.
– Ондайын қалай байқамағанмын, – дей салды қыз.
– Ақын ғашық болғанда елге көрсетпейді, тек өлеңге тү-
сі ре ді. Міне, сол өлеңі. Сені содан бері екі ай бойы іздепті. 
Осынша өлең шығарыпты, – деп бір буда қағаз ұсынды.
Қымбатты «өлеңі қандай екен?» деген əуестігі ұятын ба-
сып қағазға қол созды. Ала салып тез-тез бұрылып кетіп қал-
ды. Үйге барғанша шыдамай, көшедегі аллеяда тұрған сə кі-
де отырып оқыды.
 
* * *
Өзің – Ару,
Өзгеден өзің дара.
Көз алдымда мөп-мөлдір көзің қара.
Қайда кеттің, елес боп егілдіріп?
Қалғаны тек ғажайып сезім ғана.
Бұл өмірде көргенім – 
Өзің ғана.
Өзің ғана...
Сонан соң, төзім, нала...
Махаббат – құс.
Қонад та, кетеді ұшып,
Қалатыны – ғажайып сезім ғана.


140


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет