Сәуле Досжан
149
Екі əйел шошып кетіп қашып шығады, басы ауған жақ қа
зымырап бара жатып қараса артында қалған өздерінің үй ле рі
екен дейді. Əлгі үйден шырылдаған нəрестенің үні шы ға ды.
Сол үнге жүрегі елжіреген Бұлбұл кейін қайтып ке ліп, қо рық-
са да үйге кіреді. Өз үйлері... Марат екеуінің жатын бөл ме сі -
нің ортасында əдемі бесікте жатқан нəресте жы ла ға нын қоя
салып əйелге таңырқағандай қарайды. Бұлбұл баланы кө ріп
жан дүниесі елжіреп кетіп барып бесіктен ше шіп алады. Кеу-
де сі не қысып тұрып «Бұл біздің баламыз ғой!», – деген қуа-
ныш тан оянып кетеді. Таң себезгілеп атып келе жатыр екен.
Марат қатты ұйықтап жатыр.
Жаңағы түс өмірде болғандай, нəресте құшақтаған əсе рі-
нен əлі арыла алмай жатқан келіншек басын көтеріп жан-жа-
ғы на қарады. «Самарқан» деген қала қайда? Жалаңтөс деген
кім?», – деп ойға қалды...
Таңертеңгі шəй үстінде күйеуі мен шешесіне:
– Бүгін бейсенбі ғой, иə? – деді.
– Иə, не болды? – деді Марат.
– Бейсенбіде таң алдында көрген түс орындалады, – де-
ген шын ба, апа? – деді.
– Алдымен түсті жору керек, соған да байланысты, – деп
апасы сақтықпен сөйледі. Жаман түс көріп қалып қызы со-
дан шошынып тұрғандай көрінді.
– Апа, Самарқан деген қала бар ма, ол қайда? – деді тағы
Бұлбұл.
– Сен немене мектеп оқушысы сияқты, əрнені сұрап
отыр сың? – деп күйеуі күлді.
– Бар, балам, Оңтүстікте, Ташкент қаласының маңында
болуы керек, – деді анасы.
– Онда мазарлар бар ма?
– Бар тарихи кесенелер бар деп естігем...
– Сонда Жалаңтөс деген батырдың мазары бар ма?
– Бар шығар, не болды сонша? – деп анасы шошына қа-
ра ды қызына.
150
Достарыңызбен бөлісу: |