Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет133/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
де толқытып жіберді. Көрпесін серпіп тастап əйе лін құ шақ-
тап, бауырына қысып:
– Менің əжем он бала тапқан əйел еді, атам орыстан то қал 
алса да қыңқ демеген. Тоқалының өзі бес бала туған. Сон-
дық тан бұл апам айтқандай майлы ошақ, бізге де шарапаты 
тие ді, жаным. Сен уайымдай берме, біздің де жаңағы Қай рат 
аға ның ұлдарындай егіз ұлдарымыз болады, – деп бұрын көп 
сөй ле мей тін жігіт түн ортасында шешен болып кетті. 
Жаңа  ғана  жылап  қалған  келіншегі  күйеуіне  таңырқап 
қа рап қалды. Оның айтқандары шынымен орындалатындай 
кө рі ніп кетіп, басын жастыққа қойды. Одан ары қарай екеуі 
де  сөй ле мей  күні  бойғы  көшіп-қонудан  шаршаған  дел-сал 
де не ле рі қимылдауға келмей, ұйқыға кетті.
Сол түні де Қарқаралының төбесінде Ай толып туды. Оның 
маңайын  жымыңдаған  жұлдыздар  қоршап,  сəн-салтанатты 
Ай күндегісінен ерекше жарық болып көк жүзінде жүзіп бара 
жатты. Оның нұрсəулесі ұйқы құшағында жатқан ауыл ға тө-
гі ле ді. Анда – санда бөрібасарлардың үргені ғана естіледі. 
Аспанда жүзген Айдың сəулесі Үлкен үйдің терезелері-
нен ішке төгіліп тұрды... 
Сүттей жарық сəуледен бөлмелердегі заттар күндізгідей 
көрініп тұр. Бірақ бұл түні терезелердің шілтерлі жібек пер-
делері сырылып, ешқандай елес кірмеді... Үй иесі Арс лан-
ның елесі баяғы Қымбат арумен бірге əлдеқайда кетіп қал-
ған дай тып-тыныш...
Сол  түні  елес  жүрмегенімен  жаңа  қонысына  алғаш  рет 
қо нып жатқан жас келіншек Бұлбұл ғажайып түс көрді...
...Ата-бабасының аяғы тиіп көрмеген бір көне ша һар дың 
ішін аралап жүр екен. Өзінше оны Самарқан деген қала деп 
ойлайды. Көк күмбезді мазарларды аралап жүр. Жа нын да ғы 
əйел «мынау Жалаңтөс баһадүрдің мазары», – деп қо лы нан 
жетектеп мазар ішіне кіргізеді. Екеуі бір кезде оның ортасын 
қа зып,  жасырулы  сандыққа  кездеседі.  Ашып  қалса,  ішін де 
қаң қа сүйек жатыр...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет