Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет136/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
151
– Шолпан, екеуміз енді үйге аяңдайық, ертең шаруа бар 
дегендей, балалар да музыкалатып жатыр əлі.. – деді де есік-
ке бет алды. Жас көршілеріне алғыстарын білдіріп, көр ші лі-
гі міз тату болсын деген ниетпен екеуі үйден шықты. 
Əкесі  мен  шешесі  үйде  жоқтығын  пайдаланып  Қай рат-
тың балалары үйді басына көтеріп музыка қойып, үшеуі биге 
басып жатыр екен. 
Сол жылдары он бес республиканың басын құрап дү ние-
ні дүрілдетіп тұрған Кеңестер одағы ыдырап, он бес тə уел-
сіз мемлекетке айналған. Енді ғана азаттық алған жас мем-
лекеттер экономикалық қиындықтар көріп жатқан болатын. 
Қа ла да ғы лар қапшық арқалап алыс-жақын елдердің тауар-
ларын тасып, ауылдағылар қолында бар малын сол зат тар ға 
айырбас жасап күн көре бастаған. Қазақстанның сол түс ті-
гі нің халқы Ресейдің тауарларын арқалап пойызбен оң түс-
тік ке кетіп бара жатады. Жетісу жағының адамдары Қы тай 
асып  келіп  оны  солтүстік  пен  оңтүстікке  арттырып  жі бе-
ре ді. Қырғыздардың тіккен киім-кешегін қазақтар киіп, өз-
бек тер құрылысын салып аралас-құралас көбейген бір дə-
уір еді. 
Ғасырдың аяғына қарай ойысқан соң ба, көріпкел, əу лие, 
экстрасенс дегендер қаптады. Кашпировский деген біреу те-
ледидар арқылы күллі халықты емдеп, наркозсыз операция 
жасап жатты. Джунна дегені тек алпауыттарды емдесе, Ван-
га  деген  көріпкел  əлемде  болатын  кереметтерді  алдын  ала 
біліп отыратын болыпты. Ферғанадан бір əйел шығыпты, ол 
алыстан сəлемдеме жіберсе түнде келіп емдей беретін кере-
мет екен.
Қазақстаннан  да  əр  ауылдан  бір  емші-көріпкел  шы ғып 
жатты. «Анау керемет екен, мынау одан да сұмдық», – деп 
ауыр тұрмыс пен ауру – сырқаудан азаптанған халық жақ сы-
лық тан хабар айтар деп емші-көріпкелдерді жағалап кеткен 
де заман болды. Енді біреулер маңғыстаудағы үш жүз əу лие-
ні,  тағы  біреулер  Отрардағы  əулие-əнбилерді  арлап  кетті. 


152


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет