Үлкен үйдегі үрей
– Мен таңға жуық түс көрдім, содан ояндым, – деп келе
жатыр еді, шешесі сөзін жұлып алып,
– Түсіңді түс Пайғамбары жорысын, «өңім екен», – деп
бастап айт түсіңді жорып берейін, – деді.
Екеуінің сөздеріне күлген Марат дастарқаннан тұрып
сырт қа беттеді. Күйеуі түсін əзілге айналдырып, айтып бе-
рейін десе тыңдамағанына ренжіңкіреп қалған келіншек ау-
зын бұртитып шешесіне түсін айта бастады...
– Шырағым, түсің аян түс сияқты. Көп жер кезіп, көп ел
көріп жаңағы Жалаңтөс батырдай ұл табады екенсің. Кеше
көршілер «мына үйдің тарихы тереңде жатыр», – деп отыр
еді. Соның əсері де болар. Құдай тілеуіңді берсін, жақсы түс-
ке де садақа, жаман түске де садақа деген бар, көшеге шы ғып
са да қа беріп кел», – деді де қолын жайып өзі білетін батасын
іш тей қайталап, қызына батасын берді. Бұлбұл ана сы ның
ықы ла сы на риза болып, көңілі көтеріліп сыртқа шықты.
Келесі жетіге дейін көшіп-қонып, көңілдерін ор нық ты-
рып алған Марат пен Бұлбұл енді көршілерін қонаққа ша -
қыр ды. Қайрат пен Шолпан күн ұясына отыра бастағанда
Əси ра ла рын ертіп келді. Көршілер өткендегіден де əң гі ме-
ле рі жарасып, арқа-жарқа болып əңгімелесіп отырды. Əси-
ра ның іші пысып, ағаларымен ойнауға үйге қайтқысы келіп
қың қыл дай берді. Шолпан тамақ ішіп болған соң:
– Қазір сені үйге апарып тастап келейін, – деп қызын қо-
лы нан жетектеп шығып кетті.
Əсираны үйге қалдырып келген көршісіне Бұлбұл:
– Үйде өзі қатарлы бала болмаған соң Əсирашканың іші
пысқан шығар, біздің қосылғанымызға біраз уақыт болса да
баламыз болмай жатыр, – деп кінəлі адамдай қинала отырып
айтты.
– О, не дегенің, баланың əдеті емес пе бір жерде ұзақ оты-
ра алмайтын... – деп Шолпан ұялғанынан не дерін білмеді.
Екі əйел дастарқан жиыстырып жатқанда басқа бөл ме ден
еркектер шықты. Қайрат:
|