Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет138/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
153
ондай да болады екен. Соларға көрініп келеді – деймін», – 
деген апайының сөзі де ойында қабаттаса өріліп, құлағында 
үні тұрып алды. Содан өзі сауда жасауға емес өмірінің бір 
ма ңыз ды шаруасын тындыруға кетіп бара жатқандай көңілі 
ала сұ рып таңға көз ілмеді. 
Түске қарай Жамбыл қаласына келіп тоқтаған пойыздан 
Кə ми ла  бастаған  төрт  келіншек  жанталасып  жүріп  жəшік-
жə шік  қалбырлары  мен  майларын,  шұжықтарын  түсіріп 
алып, сонда жүрген бір жүкшіні жалдап көлікке тиеп, қалаға 
тартты. Кəмила бұл тірлікке еті үйреніп кеткені сондай аяқ-
қо лы на тыным жоқ, аузы да сондай сарнап бір тоқтамайды. 
Сартылдап жүріп алып келген заттарын базардың қоймасына 
сақ тау ға қойып, үш келіншекті жалға алған үйге алып келді. 
Кі лең сауда жасайтын əйелдер жалдаған жер үй базардың тү-
бін де екен. Ондағылар да Кəмиланы құдағилары келгендей 
дабырласа  амандасып  күтіп  алды.  Күлімсі  исі  бар  жер там-
ның  бір  бөлмесіне  үшеуіне  үш  матрац  пен  сейсеп,  жастық 
тас тап,  одан  келесі  бөлмеге  шəй  ұйымдастырып  бір  əйел 
зырлап жүр. Жанындағы серіктерін осында қалдырып Кə ми-
ла бір жерге барып келді де:
– Қыздар, ертең тұратын жерді белгілеп келдім, – деп ор-
таларына жата кетті. Біраздан кейін манағы зырлап жүрген:
– Кəмила, тамаққа келіңдер, – деді.
Тамақ дегені сылдыр сулы борщ пен котлетті күріш бо-
лып шықты. Бір-екі тілім наны бар. Сонымен сол түні Жам-
был  деген  қалада  қонып  шықты.  Жатақтың  күлімсі  исі нен 
жүрегі  көтерілді,  көрпе-жастығынан  да  жиіркеніп,  бү рі сіп 
жатты...
Ертесіне таң азаннан кешегі зырылдақ ортаға жұ мырт қа 
қуырып қойып таңғы шəйға шақырды. Кəмила шұжық пен 
май қосты. Нанға май жағып жеп тойып алған əйелдер жаяу-
лап базарға келді. 
Жамбылдың орталық базарында ала таңнан са пы ры лыс-
қан халық. Қолдарында қытайдың ала дорбасы мен жə шік, 


154


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет