Сәуле Досжан 155
қою керек еді-ау», – деп ойлап жатып ұйықтап кетті. Тіп ті
ке ше гі дей жатақтың күлімсі исі де сезілмеді, көрпе-жас ты-
ғы нан да жиіркенбеді.
Əйелдердің айтуынша сол жолы қолдары қатты жүріп
екі-ақ күнде əкелген заттарын сатып қайыра пойызға мін-
ді. Келерінде тас-түйін болып отырған келіншектер қайтар
жолда ашылып, бір-біріне əңгіме айтып, купені дуылдатып
келді. Бұлбұл олармен жақын танысып, достасып алды.
Үйде жұмыссыз отырған Бұбұлға май сатып Жам был ға
бару ұнағаны сондай Ұлжалғас апайы, Кəмила үшеуі бір топ
болып бұрынғыдан да көп тауармен жолға шығатын болып
алды. Өздері айтпақшы, қолдары жүріп, қалталарына қар жы
түсіп, үйлеріне ырыс кірді. Жамбыл мен Қарағандының ара-
сы екі ауылдың арасындай жақын көрініп кетті. Бұл бұл дың
саудасына Марат та үйреніп алды, сапардан келетін күні Қа-
ра ған ды дан барып пойыздан күтіп алады, кетерде шы ға рып
салады. Бір жылдай сауда жасап жүріп жеңіл мə ши не сатып
алды. Марат онысымен аудан мен ауылдың екіарасына жо-
лаушы тасып, тиын-тебен табады. Бастарында үйі бар, асты-
ларында көлігі бар, қатарларынан қалмай келе жат қа ны мен
екеуі нің де жүрек түпкірінде бір перзентке деген зары бо-
латын. Бір-біріне айтпауға тырысқанымен, іштен мү жі ле тін.
Бұл бұл пойызда келе жатып, Марат қара жолда келе жатып
армандайтын бір жаман баланы...
Бір жолы Жамбылда Бұлбұл ауыр көтергеннен белінен
шойырылып жатақтан шыға алмай қалды. Баяғы зырылдақ
əйел сорпа-су беріп күткен болып жүрді. Бөлмеде екеуінен
бас қа ешкім жоқ, бəрі саудамен кеткен, түскі ас ішіп отырған.
– Сіз енді осылай жата бермей бір емшілерге көрініп ал-
майсыз ба? – деді қызметші əйел.
– Қайдағы емшіге барам, бұрын мұндайым жоқ еді, кеше
жəшікті жерден бірден көтеріп алғаннан болды. Қа ра ған ды-
ға барған соң дəрігерге қаралам ғой – деді Бұлбұл ақ тал ған-
дай.