Үлкен үйдегі үрей
– Бізде қазір бəрі емші мен көріпкелге қаралады, доғ дыр-
ға барсаң пропискаң болмаса қарамайды, – деді əйел.
– Осы сенің атың кім? – деп Бұлбұл келіншекті жақын
тартты.
– Меркүл.
– Меркүл, осында тумайтын əйелдерді емдейтіндер бар
ма? – деп сұрады турасынан, апайының «оңтүстікте қазір кө-
ріп кел-емшілер де көп шығуда. Бес жыл болды тек гинеко-
логке бара бересің, мүмкін жолың байланып тұрған шығар,
ондай да болады екен», – дегені есіне түсіп.
– Қаладағыны білмеймін, мен ауылдан келдім, біздің
ауылда бір əже бар соған əйелдер қаралып жатады. Менің
жең гем бір баладан кейін баласы тұрмайтын, он жылдан кей-
ін сол əжеден емделіп былтыр қыз туып алды. Қазір ең бек-
теп жүр, – деді Меркүл.
– Сен мұнда тұрмайсың ба? – деп таңданып сұрады.
– Жоға-ə, мен Шудан келіп істеп жүрмін. Осындағы жа тақ-
тың кірін жуып, тамағын істеп ақша табам. Ауылда екі ұлым
бар, шешемде. Күйеуім ішіп қоймаған соң ажырасып кет тім.
Өз күнімді өзім көріп жүрмін. Саудаға жарамаймын, жү ре гім
дімкəс, – деді. Орысшалау Бұлбұл «дімкəс», – деген сөз ді мар-
дымды түсінбесе де «ауру» дегені шығар деп ойлап қой ды.
– Менің де денсаулығым шамалы. Күйеуге тигеніме жеті
жылдан асты баламыз болмай жүр, сондай бір емші болса
қаралсам деп едім, – деп ішіндегі ойын жасырмады.
– Сіз біздің ауылға бармайтын шығарсыз, ол алыста. Егер
жақын жерде ондай адам болса сізді ертіп барайын, – деп
Меркүл ықылас білдірді. Бұлбұл ары-бері аунаған са йын
белі сырқырайды, Меркүлді сөйлете берсе ауруы білінбей-
тіндей:
– Күйеуің неге ішіп кетті? – деді.
– Ой, біздің ауыл бұрын колхоз болған сол тарап кетті де
бəріміз жұмыссыз қалдық. Күйеуім водовоз айдайтын. Кө лі-
гі қаңырап қалды, өзі басында мал-жанға қарап жүруші еді.
|