Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет149/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
165
тар дан үйдің сырын сұраңдар», – деді. Содан есім шық қа ны 
сондай қолымдағы ақшамды бермей шығып кетіппін, үйі нен 
ұза ған да  барып  есіме  түсіп  қайта  кірдім  де  қолақысын  бе-
ріп шық тым. Содан жолда ойладым, сенің ендігі қайт қа ның-
да ере барып Науат құдағидан сол үйдің жайын сұрасам деп 
отырмын. 
– Əжелеріңнің памяты қалай? – деп орысшалап қойды.
– Білмеймін, сол үйде өмір бойы отырды дейді ғой, бір де-
ңе білетін шығар, – деп қорқыңқырап қалды Бұлбұл. 
Ертесіне тағы оңтүстікке қарай пойызға мінген ке лін шек-
тің ойынан шешесі айтқан «ол үйде жас өлім көп болған, со-
ның шешімін тапқанда барып қызың ұл да табады, қыз да та-
бады», – дегені кетпей қойды. «Меркүл не жаңалық дайын-
дап отыр екен», – деп тағы ойлады.
Меркүл  алып-ұшып  қарсы  алды. «Сендерді  келіп  қалар 
деп-ақ отыр едім», – деп қуанады нақ бір құдалары келетін-
дей. «Дəмеш  апай  келіп  сеанс  жүргізіп  жатыр,  мен  бүгін 
барып жазылып келейін», – деп кешке қарай үйден шығып 
кет ті. Саудагер əйелдер енді жатайын деп жатқанда оралды. 
Оның есіктен кіріп басқа бөлмеге өтіп кеткенін байқап қал-
ған Бұлбұл төсегінен атып тұрып артынан жүгірді. 
–  Қабылдап  жатыр  екен.  Жазылып  келдім,  ертең  сағат 
кеш кі беске. Бола ма? – деді.
– Қалай барамыз, Ұлжалғасқа не дейміз? – деп енді Бұл-
бұл сасқалақтады.
– Не дегені несі, шындықты айт. Менімен барам да ке-
лем де. 
– Мен одан жасырып жүр едім ғой...
– Емделем де. Массаж алам де.
–  Жарайды,  түсіндірермін, – деп  Бұлбұл  өз  бөлмесіне 
кетті.
Ұлжалғас  көзілдірігін  мұрнының  үстіне  қойып  алып  кі-
ріс-шығысын есептеп əлі жата қоймапты.
– Сестра, секретный сыр бар, – деп еркелей кірді сіңлісі. 


166


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет