Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет145/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
161
Кететін  күні  Бұлбұл  аппақ  орамалға  үш  сом  қосып  же-
лім қапшыққа салып Меркүлге үлкен үмітпен берді. Екеуінің 
сыбырласып тұрғанын көріп қалған Ұлжалғас: 
– Булька, сен ана зырылдақпен неғып жабысып жүр сің? – 
деді жақтырмай.
– Жəй, бірдеңе сұрадым, – деді əпкесіне қатты сөй ле мей-
тін əдетімен.
–  Сол  не  біледі  дейсің, – деп  əпкесі  дүңк  етті. «Ұл жал-
ғас», – деген  атына  сай  еркек  сияқты.  Оған  сырласып  бір-
де ңе  айтып  та  болмайды,  өзіне  қарамай  тағы  жұртты  мен-
сінбейді. Құдай оңдағанда өзі сияқты абажадай бір еркекті 
тауып алғын, балалы-шағалы болып отыр. Шаршап-шал ды-
ғып пойыздан түскенде ұлы мен қызы алдынан шығып кү-
тіп  алып  құшақтап,  сүйіп  жатады  еркекшалыс  шешелерін. 
Кейде дарылдап күйеуі де шығады, балаларын ортаға алып 
абыр да сабыр боп үйлеріне келеді. Өз бақыттарынан жан-
дарында келе жатқан бұған қарауға да шамалары келмейді.
Ондай адамға қай бір сыр айтсын, үндемей қоя салды, бар 
үмі ті Меркүлде болып.
Сол жолы үйге қайтарда көңілі алып-ұшып келе жат қан, 
соны сезгендей-ақ Мараты күтіп алды. Екеуі қалаға қон бай 
сол бойы ауылға тартты. Қарағанды мен Қарқаралының ара-
сы үш сағаттық жол. Бұлбұл жоқта күйеуінің де іші пысып 
қал ған екен, ауызы жабылмай ауылдағы естіген қы зық та рын 
айтып келеді. 
Бұлбұл батылы барып Маратқа Меркүл жайында, Фер ға-
на ға жіберген орамал жайында жайлап айтып берді. Марат 
мазақтайтын шығар деп қорқып жүр еді. Ол сабырмен тың-
дап  жақында  бір  досы  Сары  Əулие  дегеннің  Алматыдағы 
стадионда жүргізген еміне қатысқанын айтты.
– Сонда гипноздан біреулер билеп, біреулері құлап жата-
ды дейді. Телевизорда да емшілер көбейді. Егер көмегі тиер 
десең көрін, – деді.
Келгеннен үш күннен кейін Бұлбұл жеке бөлмеге те ре зе-
нің желдеткішін ашып жалғыз жатып жүрді. Ойы алаң  дап, 


162


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет