Сәуле Досжан 157
Ке йін нен ауылдың жұмыссыз еркектері қарта ойнап одан
қал са арақ ішіп тозып кетті ғой. Ол да соларға қосылып кет-
ті. Тауып жатқан ақшасы жоқ, неменеге жетісетінін білмей-
мін, ішпесе жап-жақсы, ішіп алса сабайтынды шығарды. Ба-
лаларымды алып əкемнің үйіне қашып кеттім – деп байғұс
əйел сөйлеп жүр, сөйлеп жүр. Зыр қағып сыртқа да шығып
ке ле ді, ішке де кіріп келеді. Қазандыққа қарап та үлгереді.
Оның сөзін тыңдап жатып Бұлбұлдың көзі ілініп кетіпті.
Сарт етіп ашылған есік пен Кəмиланың зор дауысынан оя-
нып кетті. Артынып-тартынып көтеріп келген қытай сөм ке-
ле рін есік алдына қатарлап тізіп жатыр. Өзі бірнеше, кө ле мі
де үлкен. Дəл сондай сөмке арқалап Ұлжалғас апайы да кел-
ді. Жастықтан басын көтеріп қарап жатқан сіңлісіне
– Булька, енді қайтарда осылай қырғыздардың тауарын
елге арқалай кетеміз, жақсы болды – деп қояды.
Ертесіне сол қытай сөмкелерді үш əйел арқалап Қа ра ған-
ды ға қарай бет алған пойызға мінді. Бұбұл белі қи ра лаң дап
келе жатса да сыр бермеуге тырысып екі қолымен екі сөм ке
сүй ре тіп келеді.
Келесі жолы келгендерінде Меркүл Бұлбұлға іш тар тып
қарап:
– Бұлбұл, қалай беліңіз жазылып кетті ма? – деп жатыр,
арқалап келген заттарын да ішке тасысты.
Кешке қарай оңашалау сəтті пайдаланып,
– Мен сізге бір емшінің мекенін біліп қойдым, – деп сы-
бырлады. Бұлбұл елең етіп:
– Жүр, сыртқа шығайық, – деп жеңінен тартты.
Бірі – оңтүстіктен, екіншісі – солтүстіктен, бірі – орысша-
лау, екіншісі – қазақылау екі əйел жатаған үйдің сыртында
сырласып тұрды.
– Ол əйел осы қалада қабылдайды екен, аты – Дəмеш апа.
Өзі Қазалы жақтың ақұдайы, – дейді Меркүл өзінше ем ші-
нің шыққан тегін түсіндіріп. Оның «ақұдай» дегенін Бұл бұл
тү сін ген де жоқ: