Сәуле Досжан 167
– Мына кісі емші емес профессор сияқты ғой. Құмалақ та
салмайды, тек қолымен сыртынан жүргізеді де қояды, – деп
шықты Меркүлге.
– Не деді?
– Жеті күн массаж ал, – деді.
– Ендеше кезекке қайта жазылайық, – деп Меркүл.
Кеште апайына көрген-білгенін баяндады.
– Массаж алсаң ал, кешке қарайғы уақытқа жазыл, бə рі-
бір біз киім-кешек алғанша бір жеті өтеді. Əйтеуір жа ны ңа
сеп болса болғаны, – деді апайы азапқа түсіп жүрген сің лі сін
аяғандай.
Ертесі сол уақытта тағы келіп ем алды. Тек жетінші күні
келгенде ғана Дəмеш апасы,
– Еліңе барған соң үйіңді аластат. Осында базардан ады-
распан деген шөп бар соны ала кет те үлкен кісіге аластат-
тыр. Қонған қоныстарыңда бір əруақ бар, молда алып ке ліп
оқытсаң да артық болмайды, – деді.
Көрген-білгенін апайына айтты.
– Шынында осы сенің үйіңде бірдеңе бар, сендер кө шіп
барды дегенде менің енеме сол ауылдағы бір кемпір «Ол үй-
ден қызыңды алып кет, онда көп əйелдер өлген дейді. Ол бая-
ғы да үлкен бір татар байының салғызған үйі. Сол шал тү ні-
мен үйде жүріп шығады», – депті деп тіпті шошытып жіберді.
Сол жолы сапардан оралған Бұлбұлдың əңгімесін ес ті ген
шешесі:
– Ойпырмай-ə, Аршалыдағы апаның айтқанымен дəл ке-
ліп тұрғаны-ай. Енді қайтсек екен. Ертең сенімен шығып ке-
тейін, – деп жолға жиналды.
Бұлбұл апайы мен анасын алып Қарқаралыға келсе жа ңа-
лық тың көкесі осында болып жатыпты...
Мараттың айтуынша Қайрат көршісі екеуі бірлесіп қыс-
қа көмір, отын əзірлеп алмақшы болады. Марат мойнына
кө мір ді алса, Қайрат отын түсіріп, бұтарлап қораға енгізіп
алу ға келіседі. Бұлбұл өткенде жолға шығып бара жатқанда