Үлкен үйдегі үрей
жазғы демалысты осында атамның үйінде өткізетінмін, –
деп жатыр.
– Қоныс құтты болсын, айналайын, кешке біздің үйге еру-
лік ке келіңіздер, ағаң жұмыстан оралғанға қарай, – деп Шол-
пан жолынан қалмай жас көршілерін ерулікке шақырып та
үлгерді.
Үйіне оралған Шолпанның алдынан Санаты мен Əси ра-
сы жүгіріп шықты,
– Апа, бізбен жасты балалары жоқ па екен? – деп.
– Байқамадым, бүгін көшіп-қонып жатқан соң əкел ме ген
шығар, əзірге тек ересектерді көрдім. Мен оларды еру лік ке
шақырып келдім, енді соған дайындалайық, – деді.
– Апа, ерулік деген немене? – деп жарыса сұрады Əсира
мен Санат.
– Баяғы ата-бабамызда «ерулік» деп аталған салт бол-
ған. Бұрын отырған ауыл адамдары жанына келіп қонған
ауылды жабыла қарсы алып, «қоныс жайлы болсын» айтып,
олар дың жүгін түсірісіп, үйін тігісетін болған. Одан соң
жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп табақ тартады. Бұл жаңа
адамдарды бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сый ла су-
дың үлкен белгісі. Жаңа көшіп келген үйде отын, су болмай-
ды. Оны əкелуге біраз уақыт керек. Міне, кең ойлап, те рең
тол ғай тын бабаларымыз мұны да ұмытпаған. Енді біз де
жаңа қоныстанушыларға ерулік берейік. Көбей екеуміз қа-
зан-ошақ жаққа барайық, Əсира мен Мерей үлкен бөлмеге
дас тар қан жасауға кіріссін, – деп балаларға шешелері дереу
тапсырманы да бөліп бере қойды.
Күн бата есіктің алдына Қайраттың жеңіл көлігі келіп
тоқ та ған да жаңа көрші Марат барып алдымен амандасты.
– Ассалаумағалейкүм, Қайрат аға! – деп қос қолдап аман-
дасты.
Бала кезінен көзінің алдына өскен Шалқар көкесінің үл-
кен немересін Қайрат:
Сәуле Досжан
147
– Уағалейкүм... Марат, сен де отағасы болып менімен
көр ші лік ке жарадың ба? Жарайсың, жігітім! – деп бауырына
басып қарсы алды.
Біраздан кейін екі үйдің адамдары бір дастарқан басында
отырды. Қайрат пен Марат Шалқарбай көкесінің əйел де рі
Науат апасы мен Люда тəтесін, Əсиқа əжелерін еске алып,
қызықтарын айтып əйелдерді күлдіріп алды. Осы үлкен үй-
дің жұрт айтып жүретін ескі тарихынан да əңгімелер қоз ғал-
ды. Бірақ үйді салдырған саудагер Акметовты айтқанымен
оның жалғыз ұлы Арсланның өз үйінде өлтірілгенін, тө мен-
де гі отын қорада сүйегі жатқанын ешкім білмейді екен...
Қайраттың балалары басқа бөлмеде телевизор көріп
отырды. Кенжетайы Əсира:
– Немене, көршілердің менімен ойнайтын қызы жоқ па? –
деп қояды.
– Балалары қалада шығар, кейбір папалар мен мамалар
балаларын қалаға интернатқа оқытады ғой, – деп Мерей ел-
ден естігенін айтып жатыр.
Көршілер бір-біріне «қайырлы түн» айтысып қайтқан
соң, Əсира жататын бөлмесіне кірген шешесіне күндізгі əң-
гі ме сін қайталап:
– Апа, бізбен жасты балалары жоқ па екен, мен ойнай-
тын? – деді.
– Білмеймін, ол жағын сұрамаптық қой, бар болса айтар
еді де, ертең сұрап білерміз, ұйықтай ғой, таңертең мектепке
ба ра сың... – деп қызын бауырына басып ұйықтатуға кірісті.
Жаңа шаңырақтарына бүгін көшіп кірген Марат пен Бұл-
бұл дың күйбің тірлігі түн ортасында аяқталып, ұйқыға жат-
ты. Келіншек күйеуіне:
– Марат, апаң мен əжең өсіп-өнген шаңырақта Құдай біз-
ге де бір бала берсе ғой, – деп еркелеп бастап-ақ еді, дауысы
дірілдеп жылап қалды. Екеуінің ең бір жандарының əл сіз ді гі
туралы бір-біріне қанша айтпауға тырысқанымен жас əйел-
дің жаңа қоныстан жақсылықты ырымдап жат қа ны күйеуін
148
Достарыңызбен бөлісу: |