Үлкен үйдегі үрей
Мен шыдаймын шерге де, азаптарға,
Мен шыдаймын, көрге де, мазақтарға.
Сұлулық жоқ!
Сұлулықтан бірақ сəтте
Жаралатын сезімнен ғажап бар ма?!
Сүймеймін бе, білмеймін, сүйемін бе,
Күй боп қондың домбыра тиегіне.
Сезім болып жүрекке кірдің дағы,
Сіңіп кеттің сен күллі сүйегіме, –
деп жырлапты ғашық ақын.
Бас-аяғы жеті өлең.
Əрқайсысын оқыған сайын ақынның өзіне деген сезімі
баурап барады. Ақын да сол күні қыздың есінде қалған.
Орта бойлы, ақсары, көзі бүркіттің көзіндей өткір. Міне-
зі еркіндеу екен. Бір қызығы ақын сол кеште Қымбатқа не
əзіл тастап, не шындап қаратып сөз айтқан жоқ. Қайта өзі ол
кісі өлең оқыған сайын қызығып, тыңдап, кейін де есіне жиі
алып жүрген. Жігіт ағасы жасына келіп қалған сақаба ақын
орынсыз желпілдемеген. Сонда да қу қыз ол кісінің өзі не
қай та-қайта көз тастап, тіпті ұзақтау қарап отырғанын бай-
қа ған болатын. Кейіннен атын біреу атаса, не бір жерден өле-
ңін оқыса елеңдеп жүрді. Дереу көз алдына қолын сермеп
өлең оқып тұрғаны елестейтін. «Е, ақындар осылай ғашық
болады екен ғой», – деп ойлады. Асықпай өлеңдерді тағы
оқып шықты. Жолдас ағай өзі оқып тұрғандай əсерде болды.
Іздеп келем,
Белгілі таппайтыным…
Құпиямсың сен менің, жұлдызымсың.
Аспанымнан мəңгілік ақпайтұғын!
Сәуле Досжан
141
* * *
Іздейсің бе, сен мені,
Жөнелсе алып шырылдап сезім-бала,
Сабыр беріп, жүрме екен төзім-нала?
Қалай десең – олай де,
Осы өмірде,
Сүйген,
Сүйе білген өзім ғана!
(Осынау ғажайып өлеңдер қазақтың біртауар ақыны
Се рік Ақсұңқарұлының шағармашылығынан алынғанын
айта отырып, оқиғаға ақынның қатысы жоғын ескерте-
мін. Автор)
«Анау ақын ғашық бопты, поэма жазыпты», «Анау ақын
ғашықтықтан күліп жүр екен», – деген сияқты сырларын
қыз дар айтушы еді, ғашықтық туралы кітаптардан да оқы-
ған. Бірақ, өзіне «алашты аузына қаратқан ақын ғашық бола-
ды. Оның тазалығы, адалдығы, тіпті мəдениеттілігі сондай
тек сыртынан жыр жазып оны біреуден беріп жібереді», –
деп ойламапты да. Соншалықты парасатты ақынның таза да
тұң ғиық жүрегінен айналса болмай ма. «Əмірге де рақмет,
ақын ның жырларын жұртқа жаймай өзіне ғана алып келіп
берген», – деп ойлағанымен «өлеңдеріне жауап бер»– деп
қи най тын шығар деп қорқып жүрген. Абырой болғанда Əмір
ол өлеңдер жайлы да, ақын ағалары жайлы да ештеңе сұ ра-
ма ды. Кездескен жерде бұрынғы қалпында амандасып, қо-
лы нан келген жерде қамқорлық жасап, азаматтық танытып
жүрді.
Мамырдағы мерекеде Серік келіп екі жас Қа ра ған ды ның
əдемі кештерінде қолұстасып қыдырып, ұзақ сырласты. Сол
екі-үш күнде бір-бірі жайында біле түсіп, отбасылары тура-
лы да сұрасты. Содан бір-бірімен қимай қоштасып, оқу ла-
рын жақсы аяқтау үшін екеуі де екі қалаға қайта бөлінді.
142
Достарыңызбен бөлісу: |