Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет118/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
129
болды,  жаңа  ғана  жанымда  бір  ата  отырған  сияқты  болды 
ғой, – де өзімен өзі сөйлеп орнынан тұрып сыртқа шықты да, 
те ме кі  шекті.  Темекінің  түтінін  мұрнынан  шығарып  тұ рып 
жа ңа ғы  көргенін  тағы  есіне  алды. «Бұл  не  елес  пе,  не  мен 
тү сім мен  шатастырып  тұрмын  ба?» – деп  күдіктенді.  Қай-
тып келіп сол бір тəтті сəттерді қайта еске алып жатып қайта 
ұйық тап кетті.
Ертесі түндегі көргенін Қуаныш ағасына айтып еді, ол:
– Жұлдызжан, біздің үй тарихы өткен ғасырда жатқан үй, 
заманында  осы  өңірге  татардың  байы  салдырған  үйі  екен. 
Мұнда  неше  түрлі  адамдар  тұрған,  көптеген  оқиғалар  өт-
кен. Соғыстың алдында ұзақ жыл бос тұрғанда біздің кө ке ме 
қыз ме ті нен беріп, көшіп кірген. Содан бері екі жағында екі 
отбасы  өніп-өсіп  отырмыз.  Үйдің  иесі  бар  дейді.  Сол  сені 
бай қа ған  ғой,  қорықпа,  тиіспейді, – деп  жайбарақат  айтып 
отыр, кəдімгі үйдің бір мүшесі туралы əңгімелегендей.
Үшінші күні Жұлдызды ештеңе мазаламай алаңсыз түс-
ке дейін ұйықтады. Түс ауа Перизат екеуі жолға шықты. Екі 
жас  жол  бойы  оңаша  сырласты...  Қарағандыға  жеткен  соң 
жігіт қызды ауылына баратын автобусқа мінгізіп жіберді.
Екі-үш күн бірге жүргенге үйреніп қалған ба, автобус те-
резесінен қолын бұлғап тұрған қызды қимай жігіттің жү ре гі 
шымырлады…
* * *
Қымбат  жазғы  демалысын  бауырларымен  бірге  өт кі зіп, 
арасында Алматыға барып бір жеті қыдырып та қайтты.
Пойызда  қайтар  жолда  көрші  ауданның  студент  жігіті-
мен  сапарлас  болып  қалды.  Алматыдағы  Политехникалық 
институтта оқып жүрген Серік состав келіп тоқтағаннан ер-
телеу по йыз ға мініп алған. Вагонына жайғасып алып терезе-
ден сырт қа қарап отырған. Бір кезде назары еріксіз бір қызға 
түс ті.  Үс тін де гі  қызылала  гүлді  көйлегі  қыздың  сымбатын 


130


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет