Үлкен үйдегі үрей кө те ріп, Шолпан егіз ұл тапты. Келіншегінің түріне көңілі
толмаса да, қатарынан үш перзент сүйгізіп балпаңдап жүр-
ге ні Қай рат тың жанына жақты.
– Əже, Шолпанның жүріс-тұрысы құдды Науат апа сияқ-
ты, – деп күліп отыратын.
– Несі күлкілі екен Науаттың. Сондай-ақ болсын. Жал ғыз
Шалқарбайдан он отау шығарды. Орыстан алған то қа лы ның
балаларын да баурына салып, алқып-шалқып отыр. Шолпа-
ным да сондай болады, – деп келініне мейірлене келіп бір
қа рай ды.
– Əже, кеше маған Қайрат «сен дəу қатын болайын деп
тұр сың» – деп мазақтады, – деп келіні егіз ұлының біреуін
емі зіп отырып. Екінші ұлды аяғындағы жастыққа салып тер-
бетіп отырған Əсиқа:
– Тəйт, ары, дəу қатын деген жаман ба. Əлі-ақ кімнің
анасы – Көбей мен Мерейдің, Ырыстының анасы атанасың.
Сені ме, сұлу қатыншылын мұның. Əне, Қуаныштың сұлу
қа ты ны əлі пұшпағы қанамай жүр ғой, соның түріне су құ-
йып ішсе, – деп Қайратқа тұра ұмтылды. Қайрат бөлмеден
қаша жөнелді. Əсиқаның:
Əлди.. əлди.. ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем. Жілік шағып берейін Таңдайыңа тат бөпем…–
деп əндеткен даусынан балақан жүзі балбырап ұйқыға кет-
ті. Екіншісі анасының ақ мəмесін борпылдата сорып жатыр.
Кішкентай Ырысты да əжесіне жабысып қуыршақ ойнап
отыр. Ғұмыр бойы күткен бақытына немересі арқылы жеткен
Əси қа отыр шүкірлеп, маңайында балапандары шүпірлеп.
Осы үйдің көзге көрінбейтін қожайыны Арсланның сұл-
ба сы ай толғанда үйді шарлағанымен соңғы жылда еш кім ді
ерекше мазалай қоймаған еді. Қуаныштың сұлу ке лін ше гі